26.06.2017, 10:12 5901

Ақмола облысында құрылыс материалдарын шығаратын инновациялық өндіріс орны іске қосылады

Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкімі жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болды. Мұнда Мәлiк Мырзалин еӊ бiрiншi құс фабрикасыныӊ құрылысымен танысты.

Көкшетау. 14 маусым. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкімі жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болды. Мұнда Мәлiк Мырзалин еӊ бiрiншi құс фабрикасыныӊ құрылысымен танысты. Кәсiпорынныӊ жетекшiсi А. Шевченконыӊ айтуынша, құс фабрикасыныӊ алғашқы кезеӊiн iске қосу 2018 жылдыӊ күз мезгiлiне жоспарланған. Екiншi кезеӊi, 2020 жылы пайдалануға берiледi. Атап айту керек, жалпы қуаты 50 мыӊ құс етiн өндiретiн бұл кәсiпорын Қазақстандағы еӊ iрi құс фабрикасы болады. Мұнда құс өсiруден бастап, дайын өнiм шығару циклi көзделген. Экологиялық таза өнiмдi өндiруге бағытталған құс фабрикасында заманауи технологиялар қолданылады. Жобаныӊ жалпы құны 41 млрд теӊгенi құрайды. Аталған жобаныӊ iске қосылуы, Астананы азық-түлiкпен қамту бағдарламасын жүзеге асыруда өзiндiк серпiн берiп, Елорда тұрғындарын сапалы әрi отандық өнiммен қамтуға мүмкiндiк бередi. Кездесуде А. Шевченко, кәсiпорынныӊ iске қосылуында жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа тартуға ниеттi екенiн атап өттi.

Құрылыс барысымен танысқан облыс әкiмi, "AitasGroup" ЖШС өкiлдерiмен жобаны жүзеге асыруда туындаған мәселелердi талқылады.

Мұнан кейiн облыс әкiмi минералмақта құрылыс материалдарын базальт негiзiнде өндiретiн "Politerm" ЖШС кәсiпорнында болды.

"Мұндай инновациялық жоба, елiмiз бойынша тек Ақмола облысында iске асырылуда. Изiрге бiздiӊ елiмiзде осындай құрылыс материалдары көршi Ресейден тасымалдануда. Жылдық қуаты 34 мыӊ тонна болатын өндiрiс орныныӊ өнiмiне сұраныс жақсы, сондықтан бiз отандық нарықта өз орнымызды тауып, әрi қарай дамып кетемiз деген ойдамыз",- дедi компания басшысы Ж. Мұхаметжан. Бүгiнгi күнi мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кәсiпорын шiлдеде iске қосылмақ.

Iс-сапары барысында облыс әкiмi, "Макинка элеваторы" ЖШС -де өндiрiс қуатын кеӊейту барысында атқарылған жұмыстарды да пысықтады. Биыл мұнда 60 мыӊ тонна болатын қосымша астық кешенi салынған. Аймақ басшысы, жаӊа кешендi iске қосып, жобаныӊ астықты аймақ үшiн маӊыздылығын атап өттi.

"Мемлекет басшысы агроөндiрiстiк кешенiн дамытып, экспорт ауқымын кеӊейтудi жүктедi, бұл ретте ауылшаруашылығы саласын қайта жаӊғыртуда инновациялық тәсiлдердi пайдалануды мiндеттедi. Бүгiнгi жоба осы тапсырманыӊ орындалуыныӊ бiрден-бiр айғағы. Себебi кешенде қолданылатын заманауи технология астықты сақтау, тазалау жұмыстары жүргiзiп сапалы бидай экспорттауға мүмкiндiк бередi",- дедi М. Мырзалин.

Мұнан кейiн облыс әкiмi, жаӊа мектеп-лицейдi көрiп, "Аскоп" ЖШС жұмысымен танысты.

Аймақ басшысыныӊ жұмыс сапары, аудан активiнде қортындыланды. Мұнда ауданныӊ әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi сараланды. Облыс әкiмi аудан алдында мемелкеттiк жеке-серiктестiктi дамытуды, егiлген астықты сақтауды, тұрғын-үй құрылысын жандандыруды және медициналық кадр тапшылығы мәселесiн шешудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны