04.09.2018, 16:05 5134

Ақмола облысында МИСҚ жарнаныӊ жалпы сомасы 3,1 млрд теӊгеден асты

Жарнадан бөлек міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарнаны кешіктіріп төлеген үшін айыппұл өндірілген. Ақмола облысы бойынша жоғарыда аталған кезеӊ үшін уақытында төленбеген жарналар жалпы 8,6 миллион теӊге шамасында айыппұл төленген.

Көкшетау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында МИСҚ жарнаныӊ жалпы сомасы 3,1 млрд теӊгеден асты.

2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 6 тамызы аралығында ақмолалықтар міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 3,1 млрд.теӊгеден астам қаражат аударған. Олардыӊ ішінде 2,8 млрд. (89,4 % жуығы) жұмыс берушілердіӊ үлесінде болса, 333,6 млн.теӊгесі (10,6 % жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істеушілердіӊ үлесі деп хабарлайды "Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры" ҰАҚ Ақмола облыстық филиалы.

Жарнадан бөлек міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарнаны кешіктіріп төлеген үшін айыппұл өндірілген. Ақмола облысы бойынша жоғарыда аталған кезеӊ үшін уақытында төленбеген жарналар жалпы 8,6 миллион теӊге шамасында айыппұл төленген.

Естеріӊізге сала кетейік, міндетті әлеуметтік сақтандыру заӊы бойынша мемлекеттік кірістер органдары уақытында төленбеген жарнаны қайтарумен айналысып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ белгілеген бағамы бойынша төленбеген әр күн үшін 1,25 есе мөлшерде айыппұл өндіруге құқылы.

Сонымен қатар, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша алдыӊғы уақытта төленген төлемдер бойынша қаражат бар. 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Қор филиалына 26 кәсіпкер ауызша өтініш білдіріп, медициналық жарна төлеуде қате жібергендерін айтқан. Бұл жағдай бойынша қате төленген қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді.

Биылғы жылдыӊ шілде айында шыққан "Медициналық қызметті пайдаланушы МИСҚ жүйесіне қатысу туралы анықтама беру мен "МИСҚ төленген қаражат туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет түрі енгеннен соӊ әр азамат өзініӊ жарнасы мен төлемдерініӊ тарихы туралы, сонымен қатар МИСҚ жүйесіндегі орны туралы анықтама алуға болады. Бұл қызмет түрін ХҚКО-ніӊ аймақтардағы барлық филиалдары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры береді.

МИСҚ аударылған барлық жарналар мәндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгенге дейін, яғни 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ шотында жинақталып,сақталатын болады.

2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 6 тамызы аралығында Қазақстан Республикасыныӊ жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлерініӊ міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына түскен қаражаттыӊ жалпы сомасы 89,5 млрд.теӊгені құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны