14.05.2014, 21:40 3545

Ақмола облысында Массальское кен орны ашылады

Жарқайың ауданында құны 480,3 млн теңге болатын Массальское кен орны жобасы дайындалды. Аталмыш кен орнында қуаттылығы жылына 3 млн тонналық қоспа шығаратын темір рудасының өндірісі жоспарлануда.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Жарқайың ауданында құны 480,3 млн теңге болатын Массальское кен орны жобасы дайындалды. Аталмыш кен орнында қуаттылығы жылына 3 млн тонналық қоспа шығаратын темір рудасының өндірісі жоспарлануда. Бұл жоба Мемлекет басшысының соңғы тапсырмаларының ішінде ерекше аталып өткен жоғарғы құнды өнім шығаруға бағытталған.

Массальское кен орны - "Массалький ТБК" жауапкершілінгі шектеулі серіктестігінің кен орны.

Бүгінде Массальское кен орнын өнеркәсіптік дайындық құрылысы жұмыстары дайындалуда.

Келесі кезеңдер өндіріс жұмыстары, байыту фабрикаларын жобалау мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, тұрғын-үй-транспорттық инфрақұрылым жұмыстары.

Кәсіпкерліктің мәліметінше, биыл "Массальское" кен орнындағы темір рудалары қорын есептеумен барлаудың қорытынды есебін" қарау жоспарлануда. Содан кейін қорды Мемлекеттік балансқа өткізбек.

Бонустар бойынша бір реттік түсімдердің арқасында Массальское ТБК-нан мемлекет бюджеті 249 млн теңгеге толықты.

Сонымен қатар, аталмыш жоба нәтижесінде 180 жұмыс орны ашылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны