18.07.2017, 20:08 4953

Ақмола облысында өндірілген өнім Қытай нарығына шығарылуы мүмкін

Айте кету керек, бүгін Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесінде Хунань провинциясыныӊ аптасын ашу аясында "Жаӊа Береке" шаруа қожалығы мен Қытай инвесторлары арасында екіжақты негіздемелік келісімге қол қою рәсімі болып өтті.

Көкшетау. 18 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданына ҚХР Хунань провинциясы Халықтық-консультативтік кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Оу Янг Бин бастаған Хунань провинциясыныӊ СяанЦзан жаӊа ауданы тобыныӊ инвестициялық қорыныӊ өкілдерінен құралған Қытай делегациясы келді,- деп хабарлайды Ақмола облысы әкімідігініӊ баспасөз қызметі.

Қытайлық инвесторлар Қазақстанға Ерейментау ауданындағы "Жаӊа Береке" шаруа қожалығында өндірілетін ақмолалық өнімді экспорттауға бағытталған жобаны жүзеге асырудағы арақатынасты кеӊейте түсу ниетімен келген.

Сапар барысында Қытайлық өкілдер бірнеше нысанныӊ жұмысымен танысты. Алдымен олар Торғай ауылында орналасқан "Ерейментау-Астық" нан қабылдау пунктін аралады. Қонақтар Қазақстанда астық өндіру ерекшеліктеріне, нысанныӊ материалдық-технологиялық базасына, инфрақұрылымына, орналасу жағдайына, техникалық жабдықталуына қызығушылық танытты. Бұдан кейін қонақтар "Жаӊа Береке" шаруа қожалығыныӊ малшаруашылығы жайларып қарап шықты. Сиыр етін өндірумен шұғылданатын бұл шаруа қожалығы 2013 жылы құрылған, 3 мыӊ бас ірі қара малға есептелген мал бордақылау алаӊынан, репродуктордан және жылына бес мыӊ тонна ет және ет өнімдерін өндіретін ет өӊдеу кешенінен құралады. Қазір шаруа қожалығында 2549 бас ірі қара мал бар. Келешекте жобалық қуаттылығын 3000 басқа дейін жеткізу үшін мал төлін сатып алуды, сондай-ақ, тағы да алты малшаруашылық жайын салуды, тоӊазытылған етті экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Сапар соӊында делегация жетекшісі Оу Янг Бин ұсынылып отырған "Ақмола облысында өсімдік және малшаруашылығын дамыту туралы" жобаныӊ келешегі зор екенін атап өтті. Оларды, атап айтқанда, "Жаӊа Береке" шаруа қожалығы ерекше қызықтырды, оны көріп шыққан өкілдер толық өндірістік циклі бар және даму перспективасы зор, нақты жұмыс істеп жатқан жоба екеніне көздерін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімініӊ орынбасары Егор Каппель қонақтарға қазақстандық өнімді Қытай нарығына шығару жөнінде өтініш білдірді.

Айте кету керек, бүгін Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесінде Хунань провинциясыныӊ аптасын ашу аясында "Жаӊа Береке" шаруа қожалығы мен Қытай инвесторлары арасында екіжақты негіздемелік келісімге қол қою рәсімі болып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны