07.09.2017, 14:31 4614

Ақмола облысында өӊірдегі еӊ ірі макарон фабрикасы іске қосылды

Ақмола облысы Аршалы ауданында "Анар" астық қабылдау кәсiпорыны" ЖШС-нда ашылған фабрикада макаронныӊ жоғары сұрыпты ұннан 11 түрi шығарылады. Кәсiпорынныӊ қуаты тәулiгiне 200 тонна ұн өнiмдерiн құрайды.

Көкшетау. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Аршалы ауданында "Анар" астық қабылдау кәсiпорыны" ЖШС-нда ашылған фабрикада макаронныӊ жоғары сұрыпты ұннан 11 түрi шығарылады. Кәсiпорынныӊ қуаты тәулiгiне 200 тонна ұн өнiмдерiн құрайды.

Кәсiпорын директоры Қуаныш Сақтағанныӊ сөзiнше, фабрика қазiргi замаӊғы қондырғылармен жабдықталған. Ұн өнiмдерi түркиялық, макарон итальяндық технология бойынша шығарылады. "Дайын өнiмдi Астана қаласына, оған қоса Қытай арқылы Шығыс және Орталық Азия елдерiне де экспорттау жоспарда бар", - дейдi кәсiпорын директоры Қуаныш Сақтаған.

Өндiрiс орныныӊ жұмысымен танысқан Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалин фабриканыӊ Астана қаласы айналасындағы азық-түлiк белдеуiн дамытуға зор септiгiн тигiзетiнiн атап өттi.

Бiлiм күнi сондай-ақ, облыс әкiмi Аршалы ауданындағы Жiбек жолы орта мектебiнде болып, оқушыларды жаӊа оқу жылымен құттықтап, жаӊа автобустыӊ сертификатын сыйлады. Ашылғанына жетi жыл ғана болған Жiбек жолы ауылындағы Иманжүсiп Құтпанұлы атындағы орта мектеп бүгiнде алдыӊғы қатарлы бiлiм ошақтарыныӊ бiрiне айналды. Аталмыш мектеп 2011 жылы пайдалануға берiлгенде оқушылар саны екi жүзге толмаса да, биылғы оқу жылында 800 жүзден асып отыр. Оқушылардыӊ 50 пайызға жуығы жақын маӊдағы ауылдардан тасымалданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны