12.10.2017, 17:09 5201

Ақмола облысында осы күндері жанармай тапшылығы сезіле қойған жоқ

Ақмола облысына мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті толық өтеу үшін айына 8 мыӊ тонна АИ-92 бензині, 7-8 мыӊ тонна 80-інші бензин, 11-12 мыӊ тонна дизель отыны керек.

Көкшетау. 12 қазан. Kazakhstan Today - Елімізде қолданылған шаралардыӊ нәтижесінде аймақтарда жанар-жағар майға қатысты жағдай ептеп тұрақтала бастады. Ақмола облысында осы күндері басқа жерлердегідей бензин тапшылығы сезіле қойған жоқ. Жанар-жағар май бағасы да онша көтерілмей, негізінен бірқалыпты ұсталуда деуге болады. Ийткенмен республика бойынша орын алып отырған осы дүрбелеӊніӊ салқыны ептеп сезілмей қоймауда.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысыныӊ орынбасары Досхан Иміреновтыӊ мәлімдеуінше, Ақмола облысында барлығы 194 жанар-жағар май құю станциясы бар. Оларда бүгінгі таӊда АИ-92 жанармайыныӊ 1134 тонна, АИ-95 жанармайыныӊ 483 тонна, 80-інші жанармайдыӊ 419 тонна және дизель отыныныӊ 974 тонна қоры бар. Бұл - алдағы бес-алты күнге жететін қор. Енді осы жанар-жағар майдыӊ бағасына келсек, АИ-92 жанармайыныӊ бір литрі қазір облыс бойынша орта есеппен 152 теӊгеден, АИ-95 бензині - 164 теӊгеден, 80-інші бензин 89 теӊгеден және дизель отыны 150 теӊгеден сатылуда. Яғни, жанар-жағар май бағасыныӊ көтерілмей қоймағаны байқалады. Мәселен, өткен айда жанармай 3-7 пайызға, дизель отыны 4-9 пайызға қымбаттаған.

Бұған бүгінгі таӊда іргедегі Павлодар мұнай өӊдеу зауытыныӊ жөндеуде тұрғаны себеп болып отыр. Өйткені, облыс бензин және дизель отынын негізінен осы кәсіпорыннан алады.

Ақмола облысына мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті толық өтеу үшін айына 8 мыӊ тонна АИ-92 бензині, 7-8 мыӊ тонна 80-інші бензин, 11-12 мыӊ тонна дизель отыны керек. Күніне орта есеппен 833 тонна жанар-жағар май жұмсалады. Осы қазан айында бұл жағынан қиындық туындамауы тиіс. Жалпы, облысқа министрліктен бөлінетін лимит бүкіл қажеттілікті жаппайды. Оныӊ жетіспеген бір бөлігін жанар-жағар май станциялары өздері іздестіріп табады. Үкімет қазір облысқа бөлінетін 80-інші бензинніӊ көлемі мен бағасын ғана өзі реттеп отыр. Яғни, бұл істіӊ бәрі кәсіпкерлердіӊ қолында. Соған қарамастан, жанар-жағар май станцияларыныӊ жұмысы мен ондағы баға мәселесі бақылауда ұсталуда. Айталық, бүгін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" жанар-жағар май станцияларында АИ-92 жанармайыныӊ 1 литрі 152, "Есіл" және "Юна" станцияларында тиісінше 154 және 155 теӊгеден босатылуда. Ал, Астана-Бурабай автобаныныӊ бойындағы жекелеген жанар-жағар май станцияларында бензинді ақшаға ала алмау, оныӊ тек карточка арқылы ғана берілу оқиғаларыныӊ өзіндік себебі бар. Егер бүкіл бензин қолма-қол ақшаға босатылса, кәсіпорын, ұйым, мекемелермен жасалған келісім-шарттардыӊ орындалуына қауіп төнеді. Мұндай жағдай уақытша басқа жерлерде орналасқан кейбір жанар-жағар май станцияларында да байқалып отыр. Бірақ, бұл бүгін-ертеӊ шешілетін мәселе, дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны