12.12.2011, 14:07 6642

Ақмола облысында өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттар өндіретін зауыт ашылды

Жобамен облыс әкімі Сергей Дьяченко таныстырды.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Ақмола облысының Степногор қаласында "Астана-Нан Кемикалс" ЖШС-нің жаңа өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жобамен облыс әкімі Сергей Дьяченко таныстырды.

"ҮИИД бағдарламасының аясында облысымызда 647 млрд. теңге соманың 43 жобасы іске асырылуда. Іске қосылған барлық жаңа өндірістер дайын өнімдер шығаруда. Бүгін іске қосылып отырған "Астана-Нан Кемикалс" ЖШС-нің жаңа жобасы - өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттар өндіретін зауыт 15 млн. литр пестицид пен гербицид шығаратын болады",- деді әкім өз сөзінде.

Елбасы өз кезегінде, Тәуелсіздік тойына үлкен жетістіктермен келіп отырған ақмолалықтарды құттықтады.

"Бұл біздің елімізге аса қажет жаңа өнім",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Сарыарқа" спорт кешенінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір өтуде. ІІ жартыжылдықта жалпы сомасы 902 млрд. теңгенің 162 жобасы іске қосылып, 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны