09.07.2014, 22:50 3872

Ақмола облысында пеноблок дайындайтын цех ашылды

Ақмола облысының Егіндікөл ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында пеноблок дайындайтын цех ашылды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында пеноблок дайындайтын цех ашылды.

Айта кетерлік жайт, бұл цехты Егіндікөл ауылының жұмыссыз тұрғыны Евгений Завада ашты. Ол аудыннның Жұмыспен қамту орталығында кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренген. Арнайы курстарды жақсы нәтижемен тәмәмдаған азаматқа жеңілдетілген несие беріледі. Жалпы, несиені алуға азаматтың 3 апта уақыты кеткен. Кешегі жұмыссыз азамат бүгінде кәсіпкер қомақты қаржыға цехтың ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа өндірісті іске қосады. Бүгінде оның өнімі ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, деп Ақмола Медиа Орталығы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы елдімекендердегі халықтың әлеухатын арттыруға және жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны