28.07.2017, 19:20 4289

Ақмола облысында сауықтыру лагерініӊ жұмысы қайта жанданады

Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданында кешікпей балалардыӊ "Искорка" сауықтыру орталығы қайта жаӊғыртылады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Көкшетау. 28 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданында кешікпей балалардыӊ "Искорка" сауықтыру орталығы қайта жаӊғыртылады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

"Біз көп жылдан бері жұмыссыз тұрған балалардыӊ "Искорка" сауықтыру орталығыныӊ жұмысын қайта жандандыруғашешім қабылдадық. Қазіргі жағдаймен 12 млн.теӊгеге жобалық-сметалық құжатама әзірленді" - деді аудандық білім беру бөлімініӊ төрағасы Жангелді Уайысов.

Лагерь 1975 жылы Зеренді ауданындағы табиғаты көркем жерде салынған болатын. Бұл орталықта санитарлық нормаға сәйкес бір ауысымда 70 балаға дейін демала алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны