20.09.2017, 17:58 4857

Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 14,9 миллиард теӊге бөлінді

Ақмола облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 және 2017 жылдар аралығында шағын және орта бизнесті қолдауға 14,9 миллиард теӊге бөлінді, оныӊ ішінде 2017 жылы - 4,8 миллиард теӊге. Бағдарлама жүзеге асырылған 7 жылда оған қатысушылар 67,3 миллиард теӊге мөлшерінде салық төледі

Көкшетау. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 және 2017 жылдар аралығында шағын және орта бизнесті қолдауға 14,9 миллиард теӊге бөлінді, оныӊ ішінде 2017 жылы - 4,8 миллиард теӊге. Бағдарлама жүзеге асырылған 7 жылда оған қатысушылар 67,3 миллиард теӊге мөлшерінде салық төледі, деп хабарлайды Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Өӊірдіӊ Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, бағдарлама әрекет еткен мерзімде 682 жоба мақұлданды, оныӊ ішінде 2017 жылдыӊ 8 айында 16 жоба мақұлданып, 15 мыӊ жаӊа жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, облыстық бюджет пен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорыныӊ қаражаты есебінен облыста кәсіпкерлік бастаманы дамыту мақсатында "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өӊірлік қаржыландыру бағдарламасы" жұмыс істейді.

Сонымен бірге өӊірде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары да қарастырылған. Бұлар - әрекет етуші бизнесті сервистік қолдау, басқаша айтқанда менеджерлерге тегін кеӊес беру және жобалық оқыту шаралары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны