06.11.2017, 19:05 4500

Ақмола облысында "соғымға дайындық" жобасы жүзеге асырыла бастады

Ақмола облысында "соғымға дайындық" жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданында азық-түлiк, тұрмыстық заттар және мал сатылатын әмбебап "Алтын таға" базарыныӊ басшылығы атсалысуда.

Көкшетау. 6 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "соғымға дайындық" жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданында азық-түлiк, тұрмыстық заттар және мал сатылатын әмбебап "Алтын таға" базарыныӊ басшылығы атсалысуда. Астананыӊ iргесiндегi Қосшы ауылыныӊ маӊында орналасқан "Алтын таға" сауда кешенiнiӊ аумағы 1 650 шаршы метрдi құрайды. Онда тек сауда павильондары ғана емес, ветеринарлық зертхана, қасапхана, шұжық цехы, тоӊазытқыш камерасы, көкөнiс және жемiс-жидек қоймасы бар. Оған қоса, семiртiлетiн малды қамап ұстайтын 15 ашық мал қорасы да қарастырылған. Қазiрдiӊ өзiнде 3000 қой-ешкi, 1000 бас iрi қара мен 200 жылқы түлiгi бордақылануда.

Мал базарыныӊ басшысы Айдар Нығметовтыӊ айтуынша, "Алтын таға" базарында көкөнiс, жемiс-жидек, ет және ет өнiмдерi, балық, сүт және сүт өнiмдерi, арпа, тұрмыстық химия және күнделiктi тұтынатын тауарлар сатылады. Шұжық цехында ет өнiмдерiнiӊ сүрленген, жартылай сүрленген тәрiздi 50 түрi шығарылады. Цехтыӊ қуаты тәулiгiне 2 тонна ет өнiмдерiн құрайды. Сондай-ақ, көкөнiс және жемiс-жидек қоймасында 1 000 тонн өнiм сақтауға болады. Қойманыӊ iшi салқындатқыш, белгiлi бiр ауа температурасын ұстап тұру үшiн қажеттi қондырғылармен жабдықталған.

Оған қоса, сауда орнында сырттан келген саудагерлер үшiн 120 адамға жатақхана, 100 орындық асхана және 200 көлiкке арналған автотұрақ қарастырылған. "Алтын таға" базары тас жолдыӊ бойында орналасқандықтан әрi бейнебақылау камерасымен жабдықталғандықтан ауыл шауашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн өте қолайлы. Осы сауда орны арқылы елорда тұрғындары мен астаналық елдi мекендердегi халық сапалы әрi экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тұтынуда. "Алтын таға" облыста алғашқылардыӊ бiрi болып "Соғымға дайындық" жобасына қатысуда. Астаналықтар ендi осында дайын семiртiлген, ветеринарлық тексерiстен өткен ?рi нарық бағасынан арзанырақ соғым сатып ала алады", дейдi мал базарыныӊ басшысы Айдар Нығметов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны