27.02.2014, 19:19 39595

Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты ашылады

Кәсіпкерлікте жылына 120 млн дана кірпіш шығарылмақ. Бұл жобаның құрылысына 900 млн теңге салынып, шет елдерден инвестиция тартылмақ.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. Индустрияландыру картасы аясында Ақмола облысының Волгодон ауылдық округінде жаңадан "Аршалы кірпіш зауыты" ЖШС керамикалық кірпіш өндірісі зауыты ашылады.

10 гектарлық жер учаскісінде өндірістік ғимарат пен өзге де нысандар салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Кәсіпкерлікте жылына 120 млн дана кірпіш шығарылмақ. Бұл жобаның құрылысына 900 млн теңге салынып, шет елдерден инвестиция тартылмақ.

Мамандардың пікірінше, өндірістің іске асырылуы тек облыс көлеміне ғана шығарылмай, сонымен қатар өңірге жақын облыстарға, соның ішінде елордаға да тарамақ.

Зауытты ең соңғы заманауи техника мен құрылғылармен жарақтандыру көзделген. Өндірістік нысанда 90 шақты жұмыскер еңбек етеді. Солардың көпшілігі жергілікті халық өкілдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны