11.07.2014, 20:17 1789

Ақмола облысында жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 38 адам жеке кәсібін ашты

Ақмола облысының Жарқайын ауданында 38 азамат жалпы сомасы 73 млн. теңге болатын микронесиені мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында алды.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Жарқайын ауданында 38 азамат жалпы сомасы 73 млн. теңге болатын микронесиені мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында алды.

Кәсібін жаңадан бастаған азаматтар бұл қаржыға түрлы салалар бойынша кәсіпорындар ашты. Олардың ішінде малшаруашылығы, егін егу, ашық монша, мейрамхана, наубайхана, жүк тасымалы және т. б. бар. Осы ретте жаңа 132 әлеуметтік уақытша жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама шеңберінде 26 адам жастар іс-тәжірибесінен өтті. Бағыттар бойынша білім алуға және жұмысқа орналасуға 119 азамат жолдама алды, деп Ақмола Медиа Орталығы хабарлады.

"Аудан тұрғыны Талғат Ракишев бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін саралап шығып, 2 млн 400 мың теңгеге несие алады. Ол бұл қаржыға қажетті құрал жабдықтарды сатып алып пеноблок өндіріс ошағын ашады. Сонымен қатар, қосымша 4 адамды әлеуметтік уақытша жұмысқа алады. Бұл жұмысшылардың жалақысы 35% көлемінде мемлекет есебінен субсидияланған. Болашақта жас кәсіпкер тауар көлемі мен түрін арттырып, оны сату нарығын кеңейтпек", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны