06.02.2014, 22:07 3101

Ақмола облысындағы құс фабрикасы екі айда 40 тонна өнім өндірді

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, фабрика жұмысының алғашқы айында 75 мың тәуліктік балапандарды басып шығарған. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында 25 мың бас сойылған.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Ақмола облысында өткен жылдың қараша айында іске қосылған "АПП Астраханская птица" ЖШС жыл соңына дейін 40 тонна құс етін өндіріп, бұл көрсеткішті ағымдағы жылдың аяғына дейін мың тоннаға жеткізбекші.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, фабрика жұмысының алғашқы айында 75 мың тәуліктік балапандарды басып шығарған. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында 25 мың бас сойылған.

Инвестициялық жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Алғашқы орында қонды балапан шығаратын үш кешеннің құрылысын аяқтау - инкубатор мен құсты бауыздайтын цех және астық қоймасы.

Екінші кезеңде төртінші кешеннің яғни, әкімшілік кеңсесі мен гараж салу көзделуде. Ал, жобаның толық қуаттылығына көшу немесе жылына 3 мың тонна тауар өндіру 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған.

Бүгінде кәсіпорында 20 маман нәпақасын айыруда. Осы жылдың көктемінде мұнда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында фабрикаға қажетті инфрақұрылымдарды, жол салу және су тарту жұмыстары басталады.

Отандық өндірісті құру - Елбасының астаналық азық-түлік белбеуін жасақтау тапсырмасын орындау болып табылады. Сонымен қатар, отандық нарықты сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз ету. Мамандардың айтуынша, елімізде осындай ірі кәсіпорынның пайда болуы импорт көлемі мен тауар бағасына оң әсер етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны