23.05.2008, 16:12 2879

Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр

Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастырмақ ниетте. Бұл туралы бүгін "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - өңірлерді дамыту негізі " атты дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Болашақта республиканың астық өсіретін облыстарын жанар-жағармай материалдарымен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін облыс аумағында мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыру жоспарланып отыр", - деді А. Рау.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып Есіл ауданында қуаты жылына 150 мың тонналық биоэтанол өндірісінің зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны