21.07.2017, 23:00 4356

Ақмола облысыныӊ әкімі Аршалы ауданы Жібек жолы ауылыныӊ жанындағы газ бөлу стансасын тездетіп іске қосуды тапсырды

Жібек жолы ауылындағы 250-ден астам үйге көгілдір отын осы газ бөлу стансасы арқылы жеткізіледі деп күтілуде. Нысанды қарап, қуатын бағамдаған өӊір басшысы таяу арада осы түйінді мәселені тездетіп шешуді тапсырды. Нысанды салуға мемлекеттіӊ 2 миллиард теӊгеге жуық қаржысы жұмсалған. Енді ол тұрғындарға қызмет етуге тиісті деп өз пікірін шегелеп айтты өӊір басшысы.

Көкшетау. 21 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Аршалы ауданына кезекті жұмыс сапары барысында Жібек жолы ауылыныӊ жанындағы газ бөлу стансасында болды.

Аталмыш стансаныӊ құрылысы 2014 жылы біткен болатын. Тапсырыс беруші облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

2017 жылы нысан ауданныӊ балансына көшірілген. Қазіргі иесі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Облыстық мекеменіӊ басшысыныӊ орынбасары Данияр Қуанышбаевтыӊ айтуына қарағанда, арнайы компанияға сатып алу құқығы бар сенімді басқаруға беру үшін конкурстық рәсімдеулер күні бүгінге дейін жалғасуда. Екі мәрте жарияланған тендер өтінімніӊ болмауынан өткізілмей қалды. Соӊғы рет сот органдарыныӊ шешімі бойынша тоқтатылды. Жібек жолы ауылындағы 250-ден астам үйге көгілдір отын осы газ бөлу стансасы арқылы жеткізіледі деп күтілуде. Нысанды қарап, қуатын бағамдаған өӊір басшысы таяу арада осы түйінді мәселені тездетіп шешуді тапсырды. Нысанды салуға мемлекеттіӊ 2 миллиард теӊгеге жуық қаржысы жұмсалған. Енді ол тұрғындарға қызмет етуге тиісті деп өз пікірін шегелеп айтты өӊір басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны