13.05.2017, 13:49 2785

Ақмола облысыныӊ әкiмi цемент зауытыныӊ қызметiмен танысты

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Еӊбекшiлдер ауданына барған жұмыс сапары барысында Қазақстандағы "құрғақ тәсiлмен" өндiру технологиясы бойынша жұмыс iстейтiн жалғыз кәсiпорын, өӊiрдiӊ құрылыс саласындағы еӊ iрi жобаларыныӊ бiрi -цемент зауытыныӊ қызметiмен танысты. Зауыт қуаттылығы жылына 2 млн тонна цементтi құрайды.

Көкшетау. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Еӊбекшiлдер ауданына барған жұмыс сапары барысында Қазақстандағы "құрғақ тәсiлмен" өндiру технологиясы бойынша жұмыс iстейтiн жалғыз кәсiпорын, өӊiрдiӊ құрылыс саласындағы еӊ iрi жобаларыныӊ бiрi -цемент зауытыныӊ қызметiмен танысты. Зауыт қуаттылығы жылына 2 млн тонна цементтi құрайды. Кәсiпорын жоғары сапалы цементтiӊ 20-дан астам маркасын шығару мүмкiндiгiне ие. Зауыт заманауи темiр жол станциясымен жабдықталғандықтан өнiмдi республиканыӊ кез-келген өӊiрiне тiкелей жеткiзiп бере алады. Өнеркәсiп нысанында облыс әкiмi цемент шығару технологиясын көрдi.

Зауыт директоры Мұрат Молтұсыновтыӊ айтуынша, бүгiнде бұл жерде құрылыс жұмыстары толық аяқталған, өндiрiс орны ағымдағы жылдыӊ 2-жартыжылдығында iске қосылады. Дәл қазiргi күнi республиканыӊ өзге өӊiрлерiмен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен өнiмдi сату бойынша келiссөздер жүргiзiлуде.

Цемент өндiрiсiнiӊ технологиясымен танысқан облыс әкiмi Елбасымыздыӊ алға қойған басым мiндеттерiнiӊ бiрi жаӊа технологияларды ендiру мен инновациялық жобаларды iске қосу екендiгiн айтты.

"Бұл жоба бiздiӊ өӊiрдiӊ экономикасына жағымды әсер берiп қана қоймай, 600-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған өӊiрдiӊ iрi инвестициялық жобаларыныӊ бiрi", - дедi әкiм.

Мәлiк Кеӊесбайұлы осы күнi аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бiр iрi жоба "Каз-ГерКус" ЖШС-ныӊ құс фабрикасында болды. Мұнда құс фабрикасы екiншi кезеӊiнiӊ құрылысы аяқталып, құс өнiмiн өндiру екi есеге артқан, зауыт толық қуаттылығына енген. Бүгiнде құс фабрикасы жылына 300 млн дана тауық жұмыртқасын өндiредi. Кәсiпорын өзiнiӊ өнiмiн елiмiздiӊ барлық өӊiрлерiнде және көршiлес Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстанға экспорттайды.

Серiктестiк басшысы Борис Оздоевтыӊ айтуынша болашақта, яғни 2017-2018 жылдары "ҚазГерҚұс" Невское ауылында сыйымдылығы 18 мыӊ тонна болатын астық сақтау қоймасын салуды жоспарлауда.

Мәлiк Мырзалин, құс фабрикасыныӊ қызметiмен танысқан соӊ Астана қаласыныӊ аумағында азық-түлiк белдеуiн қалыптастыруды дамыту бағдарламасы Мемлекет басшысыныӊ жiтi бақылауында екендiгiн, және осы құс фабрикасыныӊ өз өнiмiн арттыруы астанамызды отандық өнiммен қамтамасыз етуде өз үлесiн қосатындығын атап өттi.

Сондай-ақ, осы күнi облыс әкiмi Андықожа батыр ауылындағы орта мектепке барып, Степняк қаласындағы оқу-өндiрiстiк комбинатында, Бiржан-сал атындағы аудандық Мәдениет үйiнде және Астана қаласыныӊ аумағында азық-түлiк белдеуiн қалыптастыруды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан "Сапфир beef" ЖШС жем-шөп алаӊқайында болды.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында Мәлiк Мырзалин аудан активiне қатысып, ағымдағы жылдыӊ бiрiншi тоқсаны бойынша Еӊбекшiлдер ауданыныӊ әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысын тыӊдады. Мұнда облыс әкiмi жергiлiктi атқару органына нақты тапсырмалар бердi, атап айтқанда ауыл шаруашылығы кооперациясын, өӊдеу саласын дамыту,егiн егу науқанын ұйымшылдықпен өткiзу және ТКШ және әлеуметтiк сала нысандарыныӊ жұмыс сапалылығын бақылауда ұстауды тапсырды. Исiресе негiзсiз баға өсiмiне жол бермеудi назарда ұстау қажет дедi.

Актив жұмысыныӊ соӊында қатысушылар Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны