01.06.2017, 18:34 3237

Ақмола облысыныӊ әкімі М. Мырзалин мен "ТҮҚЖБ" АҚ төрайымы Л. Ибрагимова арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

Ақмола облысыныӊ әкiмдiгi мен "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi" АҚ өзара әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды.

Көкшетау. 1 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмдiгi мен "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi" АҚ өзара әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды. Икiмдiкте өткен кездесуде аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ Басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимова өӊiрде "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерiн қарастырды. Аймақ басшысыныӊ айтуынша, аталмыш меморандум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тұрғындарды қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз ету туралы жүктеген мiндеттерiн жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. "2012-2016 жылдар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бағытында "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi" АҚ-ныӊ салымшылары үшiн 51,7 мыӊ шаршы метр немесе 600 пәтер пайдалануға берiлдi. Жыл басынан берi "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесiн шешудiӊ жаӊа тиiмдi жолдары қарастырылған",-дедi М.Мырзалин.

Басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимованыӊ сөзiне қарағанда, елiмiздегi тұрғындардыӊ көбi "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi" АҚ салымшылары. Оларды сапалы әрi арзан баспанамен қамтамасыз ету туралы банктiӊ басты мiндетi болып табылады. "Статистикалық деректерге қарағанда Қазақстанда тұрғын үй салу бойынша өткен жылы рекордтық көрсеткiш, яғни, 10,2 миллион текше метр баспана пайдалануға берiлдi. 2017 жылдыӊ бiрiншi тоқсанында 3,2 миллион текше метрдi құрады. Ал, Ақмола облысына келетiн болсақ, жыл соӊына дейiн барлығы 400-500 пәтердi пайдалануға беру көзделген. Осыдан-ақ, қазақстандықтарды қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз етуде "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкi" АҚ-ныӊ рөлi зор екенiн байқауға болады. Жалпы, Ақмола облысы ?рбiр тоғызыншы тұрғыны бiздiӊ банк салымшысы болып табылады",-дедi Ләззәт Ибрагимова.

Кездесу қортындысында, тараптар өзара ынтымақтастық жөнiнде меморандумға қол қойды. Бұл келiсiм өӊiрде Президент бастамасымен елiмiзде жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ Ақмола облысында одан әрi дамытуға серпiн бередi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны