29.01.2014, 19:26 4941

Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады

Астаналық тауар сату желісін жасақтау аясында Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Астаналық тауар сату желісін жасақтау аясында Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

""EсoМilk" ЖШС жанындағы сүт комбинатында майлылығы төмен ірімшік өндірісі іске қосылады. Осы мақсатта сүт зауытында қосымша құрылғылар орнатылуда. Алдағы уақытта бір ай бойы техника арнайы тестілеуден өткізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, серіктестік алғаш рет сүт өнімдерінің өндірісін 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосқан. Ол үшін сол кезде неміс технологиясының соңғы үлгісі сатып алған болатын.

"Астаналық тауар сату желісін жасақтау аясында жобаны жүзеге асыру үшін 740 млн. теңгедан астам қаражат қарастырылған", - делінген әкімдіктің түсіндірмесінде.

Инвестициялық қаржы өндіріс нысанын салуға, сүтті өңдеу үшін қажетті техниканы сатып алуға кәсіпорынның жеке зертханасын жасақтауға және көгілдір отын, энегрия және суда тарту үшін бағытталды. Бұдан басқа, зауытта мамандандырылған санитарлық бекеттер мен гигиеналық станциялар орналастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны