07.08.2017, 19:22 4830

Ақмола облысыныӊ АӨК қолдауға 2017 жылы 6 айында 31,9 млрд. теӊге бағытталды

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі Ақмола облысыныӊ АӨК қолдаудыӊ жалпы көлемі 2017 жылы 6 айында 31,9 млрд. теӊгені құрады. Жалпы республика бойынша 2016-2017 жылдары Холдинг агросекторды жалпы сомасы 414 млрд. теӊгеге қаржыландырды.

Астана. 7 тамыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі Ақмола облысыныӊ АӨК қолдаудыӊ жалпы көлемі 2017 жылы 6 айында 31,9 млрд. теӊгені құрады. Жалпы республика бойынша 2016-2017 жылдары Холдинг агросекторды жалпы сомасы 414 млрд. теӊгеге қаржыландырды.

Ақмола облысы бойынша Холдингтіӊ инвестициялық қоржынында құны 58,4 млрд.теӊгеніӊ 83 жобасы бар. Құрылған жұмыс орындарыныӊ саны - жобаларды пайдалану кезеӊінде 2858. Осы уақытқа дейін құны 53,7 млрд.теӊгеніӊ 82 жобасы пайдалануға берілді, 2590 жұмыс орны құрылды. Облыстағы аса ірі жобалардыӊ қатарында: "Қазгер Құс" ЖШС; "Агрофирма "Родина" ЖШС көп бейінді ауылшаруашылық құрылымы; "Тепличные технологии Казахстана" ЖШС жылыжай кешені; "Жаӊа-Береке" ШҚ бордақылау алаӊы; "KazBrand" қазақ азық-түлік компаниясы" ЖШС тез дайындалатын кеспе өндірісі және басқалар.

2016 жылы облыста "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін 740 ауылшаруашылық тауар өндірушілері 21,4 млрд.теӊге сомасына қаржыландырылды, егістік алаӊыныӊ көлемі 1,9 млн.га. 2017 жылғы 26 шілде жағдайындағы мәліметтерге сәйкес егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге бағдарлама шеӊберінде 21,5 млрд. теӊге сомасына 386 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. 336 өтінім бойынша берілген несие қаражаты АШТӨ 1,3 млн.га алаӊда дақыл егуге мүмкіндік береді, оныӊ ішінде басым дақылдар бойынша - 168,5 мыӊ га. Жалпы республика бойынша Холдингпен осы жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 65,1 млрд. теӊге сомасына 2277 шаруашылық пен агроқұрылымдар қаржыландырылды.

Ақмола облысында "ҚазАгроныӊ" желісі бойынша 7,5 млрд. теӊге сомасына несие серіктестіктері (НС) қаржыландырылды, соныӊ ішінде:

- 2016 жылы - 14 НС,4,3 млрд. теӊге сомасына;

- 2017 жылдыӊ 6 айында - 15НС, 3,2 млрд. теӊгеге.

Сондай-ақ, "ҚазАгроныӊ" еншілес ұйымдар арқылы 2,1 млрд теӊге аймақтық ауыл бірліктеріне 664 микрокредит берілді, оныӊ ішінде:

- 2016 жылы -1,5 млрд. теӊге сомасына 492 шағын несие берілді;

- 2017 жылдыӊ 6 айында - 0,6 млрд. теӊгеге 172 шағын несие берілді.

Мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы аясында облыс бойынша 2017 жылдыӊ 7 айыныӊ ішінде ғана "ҚазАгро" холдингініӊ компанияларымен қаржыландырылғаны:

- "Сыбаға" бағдарламасы бойынша: 86 млн. теӊге сомасына 393 ІҚМ басын сатып алуға 10 жоба. Облыс бойынша ІҚМ аналық басын сатып алу жоспары 2016 жылы - 103%-ға, 2017 жылдыӊ 7 айында 39 %-ға орындалды.

- "Алтын Асық" бағдарламасы бойынша: 63 млн.теӊгеге 2386 ұрғашы қой сатып алу үшін 6 жоба. Облыс бойынша аналық ШММ басын сатып алу жоспары 2016 жылы - 60%-ға, 2017 жылдыӊ 7 айында - 239%-ға орындалды.

- "Құлан" бағдарламасы бойынша: 986 жылқы сатып алу үшін 355 млн.теӊге сомасына 12 жоба қаржыландырылды. Облыс бойынша ұрғашы жылқы сатып алу жоспары 2016 жылы - 104%-ға, 2017 жылдыӊ 7 айында - 123%-ға орындалды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны