12.07.2018, 19:17 4916

Ақмола облысыныӊ аумағында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана" бағыты бойынша "Cарыарқа" магистралдық газ құбыры тартылады

Магистралдық газ құбыры Аршалы ауданыныӊ Анарск, Ақбұлақ, Ижевск, Жібек жолы, Арнасай және Вогодоновск ауылдық округініӊ әкімшілік шекаралары, Шортанды ауданыныӊ Бозайғыр ауылдық округініӊ әкімшілік шекаралары, Целиноград ауданыныӊ Қоянды, Талапкер және Софиевск әкімшілік ауылдық округі бойынша өтеді.

Көкшетау. 12 шілде. Kazakhstan Today - "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамаcы" мемлекет басшысыныӊ халыққа жолдауын іске асыру бойынша Жол картасыныӊ мақсатыныӊ бірі, халықаралық қаржы институтыныӊ қаражатын тарта отырып ҚР орта және солтүстік аумақтарды Астана қаласын газдандыру үшін "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана" бағыты бойынша "Сарыарқа" магистралдық газ құбырын салу жобасын іске асыру болып табылады, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ Ішкі саясат басқармасы.

Магистралдық құбырын салудыӊ бірінші кезеӊі Ақмола облысы бойынша Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары аумақтарында жоспарланған. Жобаны "КазТрансГаз" АҚ жүзеге асырады, осы жобаны әзірлеуді "КАТЭК" ЖШС жүргізеді.

Магистралдық газ құбыры Аршалы ауданыныӊ Анарск, Ақбұлақ, Ижевск, Жібек жолы, Арнасай және Вогодоновск ауылдық округініӊ әкімшілік шекаралары, Шортанды ауданыныӊ Бозайғыр ауылдық округініӊ әкімшілік шекаралары, Целиноград ауданыныӊ Қоянды, Талапкер және Софиевск әкімшілік ауылдық округі бойынша өтеді.

Газдандыру Ақмола облысында орналасқан трасса бойымен жобаланған газ құбырыныӊ елді мекендерге табиғи газды жеткізуді халықтыӊ тұрмыс сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ шығындар құрылымын өзгерту халықтыӊ жағына кіріс бөлігін арттыру, қуатты серпін береді - жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, сонымен қатар оӊ әсерін дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту, өнеркәсіп объектілерін және отын-энергетикалық кешенді дамыту болжамдау арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны