12.09.2017, 14:13 3995

Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданындағы жаӊа суармалы технология өнім көлемін арттыруға септігін тигізуде

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Қосшы кентiнiӊ iргесiндегi суармалы егiстiкпен айналысатын "Grean star" серiктестiгiнiӊ егiс алқабында және картоп сақтайтын қоймасында болып, жұмысымен танысты.

Көкшетау. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Қосшы кентiнiӊ iргесiндегi суармалы егiстiкпен айналысатын "Grean star" серiктестiгiнiӊ егiс алқабында және картоп сақтайтын қоймасында болып, жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысыныӊ елiмiзде табиғат жағдайына тәуелсiз және өнiм көлемi де бiршама жоғары суармалы егiстiктi дамыту, таяу жылдарда оныӊ көлемiн 600 мыӊ гектарға жеткiзу жөнiндегi тапсырмасына орай, бiздiӊ облысымызда да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

"Grean star" серiктестiгiнiӊ директоры И.Чункуновтыӊ айтуынша, суармалы жер алқабына картоп, көкөнiспен бiрге сәбiз, қызылша дақылдары да егiлiптi. Қазiр осындай 300 гектар жерге егiлген дақылдарды серiктестiк еӊбеккерлерi жинауда. Суармалы алқаптан түсетiн өнiм көлемi де жоғары екен. Биылғы жылы серiктестiк 4 егiстiктi суаратын шетелдiк құрылғы сатып алыпты. 2019 жылға дейiн осындай 13 құрылғы сатып алып, суармалы егiншiлiк алқабын 1000 гектарға дейiн жеткiзбек. Қазiргi заманғы құрылғылармен жабдықталған серiктестiк қоймасы 5 мыӊ тонна өнiмдi сақтай алады және мұндағы жұмыстардыӊ бәрi автоматтандырылған.

Облыс басшысы суармалы егiншiлiктi дамытып отырған шаруашылықтағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берiп, жүзеге асырылып жатқан бұл жоба "Елбасы жүктеген "Астананыӊ азық-түлiк белдеуi" бағдарламасын одан әрi дамытуға өзiндiк септiгiн тигiзедi",- дедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны