16.08.2017, 18:53 4673

Ақмола облысыныӊ Державинск қаласындағы шағын сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ

Ақмола облысыныӊ Державинск қаласындағы шағын сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ Жарқайыӊ ауданына жұмыс сапары барысында айтылды.

Көкшетау. 16 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Державинск қаласындағы шағын сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ Жарқайыӊ ауданына жұмыс сапары барысында айтылды.

Аудандағы "Рассвет" шаруа қожалығыныӊ қожайыны Александр Маслов iскер кәсiпкерлердiӊ бiрi. Шаруа қожалығы биыл 2 мыӊ гектарға жуық алқапқа мал азығы үшiн екпе шөп, аздап дәндi дақыл сеуiптi. 200 iрi қара малы бар фермер тек егiн шаруашылығымен ғана айналыспайды. Аудан орталығы Державинск қаласында шаруа қожалығыныӊ сүт өнiмдерiн шығаратын цехы бiрнеше жылдан берi табысты жұмыс iстеп келедi. Ресейлiк құрылғылар орнатылған цехта тәулiгiне бiр тоннадай сүт және сүт өнiмдерi өндiрiледi. Негiзiнен сары май, қаймақ, айран, сүзбе мен iрiмшiк шығарылады. Фермер алдыӊғы жылы мемлекеттiк бағдарлама шеӊберiнде жеӊiлдетiлген несие алып, 200 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салды. Өз меншiгiндегi сауын сиырлардыӊ сүтi цехты толық қамтымайтындықтан, тұрғындардан сүт сатып алады. Ал, тауарлы сүт фермасын ашу, соған орай мал басын көбейту сүт өнiмдерi цехын шикiзатпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Осы орайда, фермер мал тұқымын асылдандыруға да көӊiл бөлмек. Шалғайдағы сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ - Ақмола облысы "Сүт цехын толық қуатына шығаруды көздеп отырмыз. Сол кезде, тәулiгiне бес тоннаға дейiн өнiм өндiрiлетiн болады. Өнiмдi сатуда еш кедергi жоқ", - дейдi Александр Маслов.

Осы күнi аймақ басшысы жас дәрiгер мамандарды "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы ауданға шақыру мәселесi және күзгi егiн орағы науқанына дайындық шараларына да көӊiл бөлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны