11.09.2017, 12:29 4776

Ақмола облысыныӊ Егіндікөл ауданында 333 мыӊ гектар жерге дәнді дақылдар егілген

Өткен жылы диқандар жауын- шашынныӊ аз болуына қарамастан, 323 мыӊ гектар жерге егілген алқаптан 13 центнерден өнім алған. Сөйтіп, бұрын-соӊды болмаған көрсеткішке қол жеткізген.

Көкшетау. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Былтыр Ақмола облысыныӊ Егіндікөл ауданында 323 мыӊ гектар жерге д?нді дақылдар егілсе, биыл бұл көрсеткіш 10 мыӊ гектарға көбейген. Алқаптыӊ 99 пайызына егін егілген. Себебі, жыл сайын мол егін егіп, одан сапалы мол өнім алуға климаттық жағдай мүмкіндік береді. Бұл туралы аудан әкімі Нариман Төлепов баспасөз туры алдында өӊірдіӊ әлеуметтік- экономикалық дамуы, биылғы егін орағы жөнінде журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Өткен жылы диқандар жауын- шашынныӊ аз болуына қарамастан, 323 мыӊ гектар жерге егілген алқаптан 13 центнерден өнім алған. Сөйтіп, бұрын-соӊды болмаған көрсеткішке қол жеткізген.

-Қазіргі т аӊда адамдар жермен дұрыстап айналысу қажеттігін енді- енді түсініп келеді, жаӊа технологияларды пайдалана отырып, бірқатар шаруашылықтар рекордтық өнім алуда. Мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, жаӊа техника, тұқым сатып алынды. Біздіӊ диқандарымыз осы уақытқа дейін барлық алқаптыӊ 52 пайызын жинап үлгерді. Аудан бойынша астық жақсы. М?селен, "АСКӨП" ЖШС 11, "Армавир" ЖШС 9 центнерден айналдыруда, - деген аудан әкімі орақ науқанына кейбір шаруа қожалықтарыныӊ әлі кірісе қоймағанын айтты.

Өйткені, олар ірі шаруашылықтардыӊ жауапты науқанды аяқтауын тосып отыр. Былтыр жиналған астықтыӊ 68 пайызы үшінші класс болды. Дән қамырлылығы 24 пайызды құрады. Биыл үшінші класты астық көлемі 100 пайызды құрап, дән қамырлылығы 26-28 пайызға жетеді деп күтілуде. Сәйкесінше, алатын өнімніӊ сапасы да жоғары болатынына диқандар толық сенімді. Бүгінгі таӊда ауданда бос жатқан жер жоқ.

"Саяхат" шаруа қожалығыныӊ басшысы Олег Уразалиновтыӊ айтуынша, шаруа қожалығында бүгінде жиырмадан астам адам жұмыс істейді. "Саяхат" шаруа қожалығы - ауданда еӊ бірінші, ал, облыс бойынша алғашқы ондықтыӊ қатарында құрылған шаруашылықтардыӊ бірі. 1989 жылы Олег Балтабайұлы бұрынғы Калинин кеӊшарына көшіп келіп, жалға жер алған. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен ғана айналысқан екен. Кейін тұрғындар малмен қатар, жерді игерумен де айналыса бастаған. Содан бері шаруашылық жұмысы бір тоқтаған емес. Қорғалжын ауданында да өз жерлері бар. Биыл Егіндікөл ауданындағы 1936 гектар алқабына егін еккен. Шаруашылықтыӊ машина-трактор паркі үнемі жаӊартылып отырады. 11 комбайн, 5 себу кешені бар. Өндірістік аумақта күніне 500 тоннаға дейін өнім өӊделеді. Орақ науқанына тамыздыӊ 21-інен қызу кіріскен шаруашылық диқандары оны бірер күнде-ақ аяқтауды көздеп отыр. Ал, Спиридоновка ауылындағы "Армавир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ директоры Нұржан Бейсембаевтыӊ айтуынша, шетелдіӊ озық "Джон Дир" комбайндарын тізгіндеген комбайншылар бітік шыққан егінді орып жатыр. Бұл серіктестік те жауапты науқанды толық аяқтауға жақын. Тек тыӊайтқыштардыӊ өзіне серіктестік үстіміздегі жылы 160 миллион теӊге қаражат жұмсапты. Орақ науқанына биыл 32-інші рет атсалысып отырған Аманбай Шайымовтыӊ екі ұлы да осы серіктестікте комбайншы, механик болып жұмыс істейді. Аманбай Шайымов басқа да жұмысшылар секілді күн-түн демей тынымсыз еӊбек етіп, комбайндардан астықты қырманға тасиды. Ұзынкөл ауылындағы " Ушаково - Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ директоры Бақтияр Ысқақов та өз еӊбегі арқылы туған ауылыныӊ түтінін түзу ұшыруға ықпал етіп тұрған азамат. Ауыл көпұлтты болғанымен, бәрі бір үйдіӊ баласын- дай ынтымақта өмір сүріп жатыр. Исіресе, 1999 жылы мұнда Бақтияр Ысқақовтай кәсіпкер азамат келгелі бері, ауылдыӊ еӊсесі тіктеліп, жағдайы бірте-бірте жақсара түскен. Серіктестік мал шаруашылығымен қатар, егін егумен де айналысады. Осы уақытқа дейін алқаптағы егінніӊ 60 пайызы орылып, қырманда 6 мыӊ тоннасы тазартылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны