15.08.2017, 16:05 4603

Ақмола облысыныӊ Есіл ауданында "Туған жер" бағдарламасы бойынша құны 380 млн теӊе болатын 12 жоба жүзеге асырылады

Ақмола облысыныӊ әкiмi М. Мырзалин Есіл ауданына сапары барысында Есiл қаласында салынып жатқан жылу қазандығыныӊ құрылысына назар аударды. Жоба құны 6,9 миллиард теӊгенi құрайды.

Көкшетау. 15 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi М. Мырзалин Есіл ауданына сапары барысында Есiл қаласында салынып жатқан жылу қазандығыныӊ құрылысына назар аударды. Жоба құны 6,9 миллиард теӊгенi құрайды. Нысанды келер жылдыӊ күзiнде iске қосу жоспарланған. Сол кезде аудан орталығындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтiк нысандардыӊ 85 пайызы жылумен қамтамасыз етiлмек.

Одан әрi аймақ басшысы "А*Star" қонақ үй мейрамхана кешенi, аудандық аурухана, мәдениет үйi және агротехникалық колледжде болды. Дуальды оқыту жүйесiн меӊгерген бiлiм ордасында 156 бала бiлiм алуда. Студенттер колледж қабырғасында бiлiм алып қана қоймай 40 астам кәсiпорында теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастыруда.

"Бүгiнгi таӊда мемлекет тарапынан жұмыссыздарды еӊбекпен қамтамасыз етуде барлық жағдай жасалынған. Облыс бойынша жыл соӊына дейiн Есiл агротехникалық колледжiндегi тәрiздi еӊбек нарығында сұраныс жоғары кәсiби мамандықтар бойынша 6 мыӊнан астам адам курстан өтедi", - дедi аймақ басшысы.

Есiл ауданында "Туған жер" бағдарламасы бойынша құны 380 млн теӊге болатын 12 жоба жүзеге асырылады. Мәселен, "Ново-Приречное" ЖШС-ныӊ басшысы Валерий Тюркин жыл соӊына дейiн Юбилейный ауылында 160 тұрғын үйге газ құбырын тартуға, ауыл iшiлiк 3,5 жол жөндеуге және 2 тұрғын үй салуға уәде еттi. Осы мақсатта серiктестiк өз қалтасынан 270 миллион теӊге қаржы салуды көздеп отыр. Ал, Уәлихан Ирiпов жетекшiлiк ететiн "Заречный" ЖШС 110 миллион теӊгеге келер жылдыӊ соӊына дейiн Заречное ауылындағы әлеуметтiк нысандарды жаӊғыртуды қолға алмақ.

Ақмола облысыныӊ Державинск қаласындағы шағын сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ Жарқайыӊ ауданына жұмыс сапары барысында айтылды. Аудандағы "Рассвет" шаруа қожалығыныӊ қожайыны Александр Маслов iскер кәсiпкерлердiӊ бiрi. Шаруа қожалығы биыл 2 мыӊ гектарға жуық алқапқа мал азығы үшiн екпе шөп, аздап дәндi дақыл сеуiптi. 200 iрi қара малы бар фермер тек егiн шаруашылығымен ғана айналыспайды. Аудан орталығы Державинск қаласында шаруа қожалығыныӊ сүт өнiмдерiн шығаратын цехы бiрнеше жылдан берi табысты жұмыс iстеп келедi. Ресейлiк құрылғылар орнатылған цехта тәулiгiне бiр тоннадай сүт және сүт өнiмдерi өндiрiледi. Негiзiнен сары май, қаймақ, айран, сүзбе мен iрiмшiк шығарылады. Фермер алдыӊғы жылы мемлекеттiк бағдарлама шеӊберiнде жеӊiлдетiлген несие алып, 200 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын салды. Өз меншiгiндегi сауын сиырлардыӊ сүтi цехты толық қамтымайтындықтан, тұрғындардан сүт сатып алады. Ал, тауарлы сүт фермасын ашу, соған орай мал басын көбейту сүт өнiмдерi цехын шикiзатпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Осы орайда, фермер мал тұқымын асылдандыруға да көӊiл бөлмек. Шалғайдағы сүт өӊдеу цехы өндiрiс қуатын тәулiгiне 5 мыӊ тоннаға дейiн ұлғайтпақ.

- Ақмола облысы "Сүт цехын толық қуатына шығаруды көздеп отырмыз. Сол кезде, тәулiгiне бес тоннаға дейiн өнiм өндiрiлетiн болады. Өнiмдi сатуда еш кедергi жоқ", - дейдi Александр Маслов.

Осы күнi аймақ басшысы жас дәрiгер мамандарды "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы ауданға шақыру мәселесi және күзгi егiн орағы науқанына дайындық шараларына да көӊiл бөлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны