14.08.2017, 15:57 4501

Ақмола облысыныӊ пішеншілері 1033,4 мыӊ тонна шөп шапты

Ақмола облысыныӊ ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметі бойынша биыл өӊір пішеншілері 118,4 мыӊ тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындауды жоспарласа, бүгінгі күнге дейін 1033,4 мыӊ тонна шөп дайындалып, маяларға салынды

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметі бойынша биыл өӊір пішеншілері 118,4 мыӊ тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындауды жоспарласа, бүгінгі күнге дейін 1033,4 мыӊ тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

Бұл - қолда бар мал үшін қажетті біржылдық шөп қорыныӊ 92,4 пайызы. Бүгінгі таӊда Атбасар, Бұланды, Жарқайыӊ және Шортанды аудандарыныӊ пішеншілері жоспарланған шөп қорын толық да-йындап үлгерсе, Қорғалжын, Зеренді және Ақкөл аудандары бұл науқандық жұмысты аяқтауға жақын.

Ерейментаулықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысып, 44,3 мыӊ бас ірі қара, 26 мыӊ жылқы мен 105,5 мыӊ қой-ешкі бағады. Бұл облыс бойынша еӊ жоғары көрсеткіш. Шаруашылықтардыӊ қыстан қысылмай шығуы үшін мал азығын мол дайындау қажет. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Абылай Иманжүсіповтыӊ айтуынша, биылғы жылы жергілікті пішеншілер 124 мыӊ тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Қазір 115 мыӊға жуық тонна шөп маяларға салынды. Бұл қажетті мал азығыныӊ 92,5 пайызы. Олжабай батыр ауылдық округініӊ әкімі Қасымхан Хабжәлел өз сөзінде округте он екі шаруа қожалығы, "Бақат", "Береке-2017", "Қызыл қайыӊ" және "Новокаменка" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мен жеке тұлғалар мал шаруашылығымен айналысатынын айтып өтті. Мұнда 6 мыӊға жуық ірі қара, 7 мыӊға жуық қой және 1,5 мыӊ жылқы бағылады. Осы мал үшін биылғы жылы жоспарланған 11,9 мыӊ тонна шөп толық дайындалды. Жоспар орындалса да науқандық жұмыс одан әрі жалғасуда. Пішеншілер бір жарым жылдық шөп қорын дайындауды межелеген. Сондай-ақ, Еркіншілік ауылдық округі 16,3 мыӊ тонна, Күншалған ауылдық округі 5,6 мыӊ тонна шөп дайындап үлгерді. Бүгінгі таӊда ерейментаулықтар біржылдық және көпжылдық шөпті шабуға кірісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны