08.08.2017, 19:56 5240

Ақмола облысыныӊ Шаӊтөбе кентінде құны шамамен 1,2 млрд теӊгені құрайтын жаӊа қазандық салынады

Жұмыс сапары барысында Степногорск қаласыныӊ әкімі Инуар Күмпекеев Шаӊтөбе кентінде болып, онда салынып жатқан жаӊа қазандықтыӊ құрылыс жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Жоба Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылуда. Жобаныӊ жалпы құны 1 миллиард 243 миллион теӊгені құрайды. Ағымдағы жылға 800 миллион теӊге бөлінген. Жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Көкшетау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Шаӊтөбе кентінде құны шамамен 1,2 млрд теӊгені құрайтын жаӊа қазандық салынады, деп хабарлайды өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Жұмыс сапары барысында Степногорск қаласыныӊ әкімі Инуар Күмпекеев Шаӊтөбе кентінде болып, онда салынып жатқан жаӊа қазандықтыӊ құрылыс жұмыстарыныӊ барысымен танысты. Жоба Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылуда. Жобаныӊ жалпы құны 1 миллиард 243 миллион теӊгені құрайды. Ағымдағы жылға 800 миллион теӊге бөлінген. Жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Степногорск қаласы әкімініӊ баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, қазандықтыӊ құрылысын "АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ" ЖШС, техникалық қадағалауды "ELAMAN COMPANY" ЖШС және авторлық қадағалауды "Прогресс Инжиниринг" ЖШС жүзеге асыруда.

Нысанға барған қала әкімі мердігерлік ұйымдардыӊ өкілдерімен жұмыс кеӊесін өтикізді. Онда қазіргі күні қазаншұӊқырларды қазу, қазандықтыӊ бас корпусыныӊ және көмір қоймасыныӊ іргетасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Инуар Күмпекеев құрылыс жұмыстарыныӊ кестеден сәл кешігіп жатқанын атап өте отырып, кент әкімі Ержан Мұқанов пен "Шаӊтөбе-Энергокомплекс" ЖШС директоры Руслан Птуховқа жұмыстарды қарқандандыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны