01.05.2017, 21:10 4394

Ақмола облысыныӊ үш айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

28 сәуірде Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен әкiмдiк отырысы өттi. Басқосуға аудандар мен қала әкiмдерi, басқарма, департамент, ведомстволар мен ұлттық компаниялардыӊ басшылары қатысты.

Астана. 1 мамыр. Kazakhstan Today - 28 сәуірде Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен әкiмдiк отырысы өттi. Басқосуға аудандар мен қала әкiмдерi, басқарма, департамент, ведомстволар мен ұлттық компаниялардыӊ басшылары қатысты.

Күн тәртiбiнде ағымдағы жылдыӊ бiрiншi тоқсанындағы өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы, бюджеттiӊ орындалуы, сондай-ақ 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымыныӊ қорытындысы мен келесi маусымға дайындығы тыӊдалды.

Алғашқы болып облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Малғаждаров есеп бердi.

Б. Малғаждаровтыӊ мәлiмдеуiнше, Ақмола облысы бiрiншi тоқсанда негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер нәтижесiнде тұтынушылар құны деӊгейi бойынша үздiк нәтижелерге қол жеткiзген (облыс шегiнде 2 орын), ал өнеркәсiптiк өндiрiс және инвестициялық салым саласында облыс 4-iншi орында.

Ауыл шаруашылығында мал және құс басыныӊ өсiмi мен ет және сүт өндiрiсiнiӊ көлемi артқан.

"Өӊiрдiӊ алдында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өӊдеу бойынша кәсiпорындар санын арттыру мәселесi тұр. Ағымдағы жылдыӊ үш айында сүт өнiмдерiн өндiру, еттi, майлы дақылдарды қайта өӊдеу бойынша кәсiпорындардыӊ жүктемесi артқан.

Облыстыӊ ауыл шаруашылық құрылымдары есептiк кезеӊде астана базарына 7,2 мыӊ тонна сүт өнiмдерiн, 4,2 мыӊ тонна ет өнiмдерiн, 41,4 млн. дана жұмыртқа жеткiзген.

Мемлекет басшысы Жолдауда алдымызға үй шаруашылығы мен шағын фермерлердi кооперативтерге бiрiктiру үшiн толық жағдай жасау туралы мiндет қойды. Осыған байланысты өӊiрде ауыл шаруашылық кооперативтерiн құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, бүгiнде олардыӊ жалпы саны И 48 (жылдық жоспар 58). Жалпы облыста 77 мыӊнан астам жеке шаруашылықтар бар, оларды ауыл шаруашылығы кооперацияларына тарту ауыл шаруашылық өнiмдерi тауарларыныӊ көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi", И дедi Б. Малғаждаров.

Б. Малғаждаров өз есебiнде құрылыс саласында, шағын және орта бизнестi дамыту және инвестиция тарту жұмыстары туралы да айтты.

Өткен үш айда әлеуметтiк қорғау саласында облыс бойынша 1963 жаӊа жұмыс орындары құрылған, оныӊ 1503-i тұрақты. Балаларды мектепалды тәрбиемен қамту мен мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды ендiру бойынша түсiнiк жүргiзу жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегiнде облыс әкiмi Астана қаласыныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы және "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiнiӊ мәселелерi жөнiнде өткен жиналыста Мемлекет басшысы Астана қаласыныӊ азық-түлiк белдiгi бағдарламасын сынға алды.

"Оныӊ жүзеге асырылуы, негiзiнен астанаға жақын орналасқан өӊiрдiӊ ауыл шаруашылығын өндiрушiлерiнiӊ мойнында. Бүгiнде мемлекет ауыл шаруашылығы кооперативтерiн ашу үшiн барлық қажеттi жағдай жасауда, сондықтан осы сәттi оӊтайлы пайдаланып, осы бағыттағы жұмыстарды белсендiру керек. Жылдық жоспар бойынша 58 кооператив құру керек, бiрақ бұл бiз үшiн аз, бұл санды барынша көбейту керек", И дедi әкiм.

Одан басқа Мәлiк Мырзалин жауапты салаларға инвестиция тарту, МЖИ аясындағы жобаларды көптеп жүзеге асыру, тұрғындардыӊ өнiмдi еӊбегiн дамыту және айлық жалақыны көбейту бойынша жұмыстарды белсендiрудi тапсырды.

Жиналыс барысында бюджеттiӊ шығыс бөлiгiнiӊ орындалу барысы туралы облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Талғат Бөлтенов баяндады.

Т. Бөлтеновтiӊ айтуынша Ақмола облысы бюджеттiӊ шығыс бөлiгiн орындау қорытындысы бойынша республикада 5-орында.

"Бiрiншi тоқсан қорытындысы бойынша жалпы Ақмола облысыныӊ бюджетiне шамамен 37 млрд теӊге қаражат түскен, немесе жоспардан 106,6%. Шығыс бөлiгi 99,3% орындалған, бұл орташа республикалық көрсеткiштен жоғары",- дедi Т. Бөлтенов.

Қаржы басқармасы басшысыныӊ баяндамасын тыӊдаған Мәлiк Мырзалин облыстық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiне, аудан және қала әкiмдерiне ағымдағы жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығы қорытындысына дейiн бюджеттiк түсiмдi 100% қамтамасыз етудi, бюджет қаражатын, әсiресе республикалық бюджеттен бөлiнген мақсатты трансферттердi барынша игерудi, мемлекеттiк сатып алулар бойынша конкурстық рәсiмдердi уақытылы аяқтауды тапсырды.

Жиналыс соӊында 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымыныӊ қорытындысы мен келесi маусымға дайындығы тыӊдалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны