27.07.2018, 15:59 3772

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында астық сақтаушы элеваторлардыӊ саны алтыға жеткен

Бұған қоса, Тасты-Талды ауылыныӊ элеваторы қалпына келтіріліп жатса, Кенское ауылында және Державин қаласында тағы да 2 элеватордыӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауданныӊ астық шаруашылығындағы зор әлеуетін ескерген инвесторлар алдағы уақытта 2 элеватор салуды жоспарлап отыр.

Көкшетау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаты, қаржы және бюджет комитетініӊ мүшесі Дәурен Иділбеков Жарқайыӊ ауданында арнайы іссапармен болды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Сенатор аудан басшысымен болған кездесуде аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен, Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ жүзеге асырылуымен танысып, "Алтын Дән КЗ" ЖШС элеваторына ат басын бұрды.

Жарқайыӊ ауданы Ақмола облысыныӊ еӊ ірі астық өндіруші аудандарыныӊ біріне жататыны белгілі. Соӊғы жылдары аудан аумағында элеваторлар саны күрт өскен. Соӊғы үш жылдыӊ көлемінде астық сақтаушы элеваторлардыӊ саны 3-тен 6-ға жеткен. Бұған қоса, Тасты-Талды ауылыныӊ элеваторы қалпына келтіріліп жатса, Кенское ауылында және Державин қаласында тағы да 2 элеватордыӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауданныӊ астық шаруашылығындағы зор әлеуетін ескерген инвесторлар алдағы уақытта 2 элеватор салуды жоспарлап отыр. Инвесторлардыӊ мұншалықты қызығушылығын оятып отырғаны Жарқайыӊ бидайыныӊ жоғары сапасында десе болады. Жарқайыӊдық диқандардыӊ астығы жоғары сұранысқа ие, жыл сайын Қытай, Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Иран, Қырғызстанға экспортқа шығарылады.

Ауданда бір жарым жылдыӊ ішінде құрылысы аяқталып іске қосылған "Алтын Дән КЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ элеваторы, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуде. Мұнда тазарту қондырғылары Германиядан әкелінген, сәйкесінше астық жоғары сапада тазартылып, ылғалсыз сақталады. Былтыр элеватор 60 мыӊ тонна астықты қабылдаған. Биыл жұмыс қуатын арттырып, қабылданатын өнім көлемін 100 мыӊ тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы орайда, әрқайсысыныӊ сыйымдылығы 5000 тонналық 4 қойманыӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Элеватордыӊ атқарушы директоры Дархан Айсинніӊ айтуынша, қысқа уақытта осындай жетістікке жетудіӊ басты сыры - шаруашылықтыӊ өз құрылыс компаниясы бар, қажетті техникамен толықтай жабдықталған. Жұмыскерлер уақытылы еӊбекақыларын алып отырады. Орташа жалақы көрсеткіші 130 мыӊ теӊгені құрайды. Элеваторда қызмет атқарушы мамандарға арналып қос қабатты үй салынған, әр маманға 2-3 бөлмелі жиһазбен толықтай жабдықталған пәтерлер берілген. Келесі жылы жұмысшыларға арналған 10 пәтерлі тұрғын үй мен жатақхана салу жоспарланған.

Сенатор элеватордыӊ зертханасында болып, астықтыӊ сапасымен танысты. Мұнда сақталған астық дәнініӊ желімшесі 28-36 пайызды құраған. Бұл жоғарғы сұрыптағы өнім екенін атап өткен Дәурен Зекенұлы, болашақта ауданда астықты қайта өӊдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін ескертті.

"Жарқайыӊ ауданы еӊ ірі астық алқабы бар аудандардыӊ бірі. Сіздердіӊ жыл сайын өндіретін дәнді дақылдарыӊыздыӊ сапасы өте жоғары. Бірақ, ол тек қана шикі өнім ретінде сатылуда. Алдағы уақытта осы сапалы астықты қайта өӊдеп, сапалы өнім шығару мәселесін ойластыру қажет", - деп өз ойымен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны