13.02.2014, 19:29 4336

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер әлеуметтік тауарлардың бағасын көтермейді

Күн тәртібіндегі басты мәселе - ұлттық валюта курсының түзетілуіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеу.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Ақмола облысы әкімі Қосман Айтмұхаметов өңірдің ірі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Күн тәртібіндегі басты мәселе - ұлттық валюта курсының түзетілуіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеу.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, шараға қатысушылардың пікірдері бір арнада тоғысты. Шиеленісті жағдай қарапайым халықтың қалтасына түспеуі керек.

"Родина" Агрофирмасы" ЖШС жетекшісі Иван Сауэрдың айтуынша, кәсіпкерліктің тауарлары құны баяғыша болып қала бермек. Оны ет және ет өнімдері, ұн мен ұн өнімін өндіруші кәсіпкерлер де қолдады.

Жиын соңында халыққа қолжетімді бағамен тауар ұсыну туралы бойынша әріптестік құру туралы меморандумға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны