29.09.2017, 12:24 4394

Ақмола облыстық Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы жекеменшік индустриялық аймақтар құруды қолға алуда

Ондағы мақсат шағын және орта бизнес субъектілеріне жеӊілдетілген бағамен ұсынылатын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік алаӊдар ашу. Осы орайдағы таӊдау шағын және орта бизнес үшін донор болуға лайық "Қамқор-Автосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне түсіп отыр.

Көкшетау. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы жекеменшік индустриялық аймақтар құруды қолға алуда

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік саласыныӊ дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жекеменшік индустриялық аймақтар құруды қолға алуда.

Ондағы мақсат шағын және орта бизнес субъектілеріне жеӊілдетілген бағамен ұсынылатын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік алаӊдар ашу. Осы орайдағы таӊдау шағын және орта бизнес үшін донор болуға лайық "Қамқор-Автосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне түсіп отыр.

Көкшетау қаласындағы "Қамқор-Автосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өӊірдегі шағын және орта бизнес үшін донор болуға ниет танытып отыр.

-Қазіргі кезде бұл кәсіпорынмен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Серіктестік жалға алаӊ ұсынуға дайын. Қазір біз жалға алушыларды іздестіріп жатырмыз. Кәсіпкерлер біздіӊ ұсынысымызды құптап отыр. Мұндай қадамға баруымызға көптеген адамдардыӊ кәсіпкерлікпен айналысуға өндірістік алаӊдардыӊ жоқтығы туралы түскен өтініштері себеп болды, - дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ бөлім басшысы Жанна Байқоӊырова.

Кезінде "Қамқор-Автосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін және сатумен айналысатын өӊірдегі ірі компаниялардыӊ бірі болып еді. Бүгінде кәсіпорынныӊ мыӊдаған шаршы метр өндірістік алаӊдары қаӊырап бос тұр. Сондықтан, серіктестік басшылығы бос алаӊдарды жалға беруді жөн деп санайды.

-Біз өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жекеменшік индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Өндірістік алаӊдағы орындарды жалға жеӊілдетілген бағамен ұсынамыз. Біздіӊ өндірістік алаӊныӊ артықшылығы, көлік логистикасы дамыған жерде орналасуында болып отыр. Теміржол, автожол және коммуникацияныӊ барлық жүйесі тартылған. Бұл шағын және орта бизнес өкілдері үшін ұтымды, - дейді серіктестік директоры Сәкен Тәӊірқұлов.

Бұл өӊірлік кәсіпкерлер палатасы қолға алып отырған жалғыз ғана жоба емес, алдағы уақытта Целиноград ауданында "Асыл түлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында да осындай индустриялық аймақ құру жоспарда бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны