03.02.2014, 21:25 25940

Ақмола және Алматы облыстарында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалдарының қосымша бөлімшелері ашылады

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - ауыл кәсіпкерлерінің ыңғайлылығы үшін Астана және Талдықорған қалаларында бөлімшелерді ашады.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - ауыл кәсіпкерлерінің ыңғайлылығы үшін Астана және Талдықорған қалаларында бөлімшелерді ашады. Бұрын осы қалалар маңындағы тұрғындар несиені рәсімдеу үшін Көкшетау мен Алматыға баратын болса, енді жаңадан ашылатын бөлімшелер оларға жақын орналасады.

Астана қаласының маңайындаға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарында тұратын әлеуетті клиенттер енді кеңес алу және құжаттарды рәсімдеу үшін Астана қаласына келетін болады. Ал Талдықорғанға жақын Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқанд аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының тұрғындарына Талдықорғанда орналасқан бөлемшесі қызмет көрсетеді.

Ақмола және Алматы филиалдары - қордың алдыңғы қатардағы аймақтық құрылымдар. Осы екі облыста тұратын 3,3 мың адам - қордың белсенді қарыз алушылары. Ақмоланың оңтүстігінде және Алматының батысында қордың 1,2 мыңнан астам қазіргі қарыз алушысы тұрады.

Бөлімше штатында несие, құқықтық жұмыс жөніндегі, несиелік әкімшілік менеджерлері мен бөлім бастығы жұмыс істейді. Мұнда әлеуетті қарыз алушылардан өтінімдер қабылданып, қызметкерлер бизнес орнына шығады, экономикалық және заң тұжырымын шығарады, несиелеу туралы мәселесін несие комитетіне шығарып, несиелік досьені құрастырады, несиенің мақсатты пайдалануына, кепілдеменің жағдайына, қаржылық жағдайға мониторинг жасайды.

Бұл шара ауыл кәсіпкерлеріне пайдасын тигізіп, осы аймақтарда белсенді қарыз алушылардың санын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бөлімшелердің орналасуы туралы ақпаратты 8 /7172/ 678 254 телефоны және [email protected] электрондық пошта арқылы ала аласыз. Кейін бөлімшелердің байланыс деректері www.fad.kz қордың ресми сайтында жарияланады.

Анықтама үшін: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті - қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны