11.05.2017, 16:09 4683

Ақмола және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ компаниялары 2 млрд. теӊгеніӊ диструбуциялық келiсiм-шартына қол қойды

Одан өзге Көкшетау қаласы мен Шымкент қалалық әкiмдiктерiнiӊ, "ИАК "Есiл" ҰК" АҚ және "ИАК "Шымкент" ҰК" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Көкшетау. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ әкімдері 5 мамырда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин басқарған делегация өкiлдерi аймақаралық ынтымақтастықты дамыту аясында "Scat" компаниясымен бiрлесiп ашылған алғашқы әуе бағытымен Шымкент қаласына барды.

Көкшетау-Шымкент жаӊа әуе бағытыныӊ салтанатты ашылу рәсiмiнен кейiн, облыс әкiмдерi Мәлiк Мырзалин мен Жансейiт Түймебаевтар кездесу өткiздi. Басқосу барысында тараптар Ақмола облысы мен Оӊтүстiк-Қазақстан облысыныӊ ерекшелiктерi мен экономикалық әлеуетiн, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтыӊ перспективаларын талқылады.

Одан өзге Көкшетау қаласы мен Шымкент қалалық әкiмдiктерiнiӊ, "ИАК "Есiл" ҰК" АҚ және "ИАК "Шымкент" ҰК" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, "ENKI" ЖШС мен Оӊтүстiк-Қазақстан облысыныӊ құрылыс басқармасымен өнiм жеткiзу туралы, ал "Көкшетау минералды сулары" АҚ мен "Азамат" ЖШС арасында 2 млрд. теӊге сомасына диструбуциялық келiсiм-шарт жасалды.

Ақмола облысыныӊ әкiмi М.Мырзалин лайықты ұсыныс Ақмола облысы экономикасыныӊ барлық саласында да бар деп атап өттi.

"-Жалпы бiздiӊ облыстыӊ бiрқатар өнеркәсiптiк кәсiпорындары Оӊтүстiк-Қазақстан облысыныӊ шаруашылық субъектiлерiмен байланыса жұмыс iстеп келе жатыр. Олар: "Көкшетау минералды сулары" АҚ, "Тыныс" АҚ, "ENKI" ЖШС, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "Степногорск тау-кен химиялық комбинаты" және тағы басқалары. Өнеркәсiптiк саласындағы ынтымақтастық дайын өнiмдi жеткiзу және шикiзатты сатып алу саласында да жүзеге асырылған. Бүгiнгi iс-шара бұл байланысты кеӊейтiп, өнiм өткiзудiӊ жаӊа нарығын ашып, екi тарапқа да сенiмдi әрiптес табуға көмектеседi деген ойдамын", дедi М.Мырзалин.

Өз кезегiнде Ж.Түймебаев бүгiнгi келiсiмдер екi өӊiрдiӊ өзара тиiмдi әрi нәтижелi қарым-қатынастарыныӊ одан сайын дамуына үлкен септiгiн тигiзедi деп сенiм бiлдеретiндiгiн айтты. Сондай-ақ, ол Оӊтүстiк-Қазақстан облысыныӊ халқы тығыз орналасқан аумақтарынан оларды жұмыспен қамтып жатқан солтүстiк өӊiрлерге адамдардыӊ көшiп жатқандығын да тiлге тиек еттi. "Бүгiнгi күнi облыста 2000 адам Ақмола облысына көшуге ниеттi", И дедi Ж.Түймебаев.

Ақмола облысыныӊ әкiмi өз кезегiнде бүгiнгi күнi облыс орталығындағы полиэтилен қапшықтарын өндiретiн "Новопэк" фабрикасында жұмыс күшiнiӊ жетiспеушiлiгi сезiлетiнiн айтты.

"Бiздiӊ компания Оӊтүстiк Қазақстан облысынан келетiн 300 адамды жұмыспен және тұратын орынмен қамтуға дайын",- дедi "Новопэк ЖШС басшысы Айдар Жақыпов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны