08.06.2017, 16:49 3904

Ақмолалық аграрийлерді несиелендіруге 2 миллиард теӊге бөлінді

Бүгінгі күнге ақмолалық ауылдық тауарөндірушілер 500 млн теӊгеден астам субсидия алды.

Көкшетау. 8 маусым. Kazakhstan Today - Ақмолалық аграрийлерді несиелендіруге 2 миллиард теӊге бөлінді. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Ақмола облысы ауылшаруашылық басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпан баяндады, деп Өӊірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жаппай кәсіпкерлерікті және жұмыспен қамтуды дамытуға мемлекеттік бағдарлама бойынша ауылдық жерлердегі жекеменшікпен айналысатын кәсіпкерлерді субсидиялауға бюджеттен 2 млрд. теӊге бөлінді.

Мысалы, Ақмола облысыныӊ Астарахан ауданында бірінші жартыжылдықта жергілікті аграрий сүт сатып алу бойынша модульді бекетін ашуға 10 млн теӊге сомасында несие алды. Қарыз алушы екі жылдай жеӊілдік мерзімде болады, бұл уақыт аралығы бизнесті дамытуға арналған және төлемді қамтымайды. Бұдан кейін аграрий 6% жылдық пайыздық мөлшерлемесімен алты жыл ішінде мемлекетке қарызын қайтаруы тиіс.

Бүгінгі күнге ақмолалық ауылдық тауарөндірушілер 500 млн теӊгеден астам субсидия алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны