09.01.2014, 20:08 4314

Ақмолалық ғалымдар елорда аумағын азық-түлік белдеуімен қамтуға өз үлестерін қосады

Степногорск қаласының ғалымдар тобы елорда аумағында азық-түлік белдеуін құруға өз үлестерін қосады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Степногорск қаласының ғалымдар тобы елорда аумағында азық-түлік белдеуін құруға өз үлестерін қосады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Химия ғылымдарының кандидаты Дархан Балпанов бастаған Степногорск қаласының ғалымдар тобы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк тарапынан қолдау тапқан Білім және ғылым министрлігінің технологияны коммерцияландыру жобасы бойынша грант ұтып алды. Жоба шаруа қожалықтары үшін микротүйнектерді пайдаланып вируссыз дегдарлы тұқымдық картопты өндіру биотехнологиясын еңгізуіне бағытталған. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Назарбаев берген тапсырманың Астана төңірегінде азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету бөлігінде орынды ретінде қолданылған болатын", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасында картоп өндіруде картоптың алғышқы тұқымын өсіру мәселесі маңызды болып табылады. Батыс елдерге қарағанда Қазақстан Республикасында картоптың өнімділігі 2-3 есе төмен, ал өнімділіктің төмендеуіне тұқым өсіретін шаруашылықтарда жоғары сапалы тұқым материалының жоқтығы себеп. Одан басқа, картоптың өнімділігін көтеру ықпалының бірі өнімділікті төмендетуінде негізгі рөлін ойнайтын вирусты жұқпалардан сауықтыру.

Қалыптасқан жағдай қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін картоптың дегдарлы тұқым материалын шетелден сатып алуға мәжбүр етеді - өндіру үшін ұсынылатын картоп сұрыптары негізі неміс немесе голландиялық болып шығады. Картоп сұрыптауында қолданылатын биотехнологиялық әдістер сауықтырылған көшет материалын алуға мүмкіндік береді, ал вируссыз картопты өсіру заманауи технологияларды еңгізу картоп тұқымын шетелден әкелуден кетуге және дегдарды Ақмола облысында өндіруге жол береді.

Сондай-ақ, бұл жобаны орындау барысында вируссыз тұқым материалын алу мақсатымен картоптың микротүйнектерін жаппай өндіру технологиясы әзірленіп еңгізілетін болады, сондай-ақ келесі жылы нәтиже ретінде вируссыз тұқым материалының тәжірибелік топтамасы өсірілетін болады. Оны пайдалану фермерлік және шаруашылық қожалықтарына пайда әкелетін картоптың жоғары өнімін алуға мүмкіндік береді. Степногорсктың атқарушы және өкілді билігі степногорлық ғалымдардың жобасын қолдады, оны сәтті жүзеге асыру үшін ҚР заңнамасы шеңберінде жер телімін бөлді.

Айта кетерлігі, Астана мен Ақмола аумағының азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету бойынша Бағдарламаны орындау, азықтың негізгі өнімдері бойынша, оның ішіндегі біреуі картоп болып табылатын, азық-түлік тәуелсіздігіне шығып АӨК тұрақты дамуы Дархан Балпанов басқаратын ғыламдар тобының бірінші кезекті міндеттердің бірі. Сонымен бірге таяу болашақта басқа да қызықты жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны