05.09.2017, 19:12 4916

Ақмолалық кәсіпкер оӊтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырады

Қазіргі таӊда зауыттыӊ жанынан тұрғын үй кешені салынуда. Ол жерге 300-дей жұмысшы қоныстанатын болады. Сондықтан біз жұмысшыларды отбасыларымен де келсе қабылдаймыз. Алдағы уақытта оларға қала аумағынан үй іргелік жер бөлу мәселесі де қаралып жатыр", - деді Айдар Жақыпов.

Көкшетау. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік" атты Жолдауында еӊбек нарығын жаӊғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еӊбек күші мол аймақтан жұмыс қолыныӊ тапшылығы сезілетін өӊірге қоныстандырып еӊбек нарығыныӊ тепе- теӊдігін сақтауды міндеттеді. Бұл ретте ОҚО әкімдігі тарапынан өӊірдіӊ халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларынан Ақмола облысына қоныс аудару жөнінде ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылған. Осы ретте Ақмола облысы, Көкшетау қаласы "Новопэк" ЖШС-ніӊ өкілдері өз еркімен қоныс аударушылармен кездесуді бастап кетті. Бұл туралы ОҚО Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімініӊ орынбасары Е.Садыр мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, полимерлі қаптама шығаратын компания басшылығы облысқа арнайы келіп, күнгейден 600-ден аса жұмысшыны зауытқа шақырып жатқанын айтты.

Серіктестік кеден одағыныӊ нормаларына сәйкес полипропилен қаптары мен жұмсақ контейнерлер шығаратын зауыттардыӊ бірі саналады. 2003 жылы құрылғаннан бері Новопэк полимерлі орау шешімдерін әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге маманданған. Қазіргі кезде ауданы шамамен 45 мыӊ шаршы метрді құрайтын өндірістік кешенде 600 адам жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания басшысы Көкшетау қаласындағы зауытта жұмыс істегісі келетін азаматтар болса, оларға барлық жағдайды жасаймыз деп сендірді. Оныӊ сөзінше қазір зауытта жұмыс күшініӊ жетпеуі салдарынан көптеген қондырғылар тоқтап тұр. Ал егер қосымша 600 ден астам жұмысшы келсе өнімділікті екі есеге дейін арттырып, еуропа нарығына да шығуға мүмкіндік бар. Яғни қазір айына 6 млн данадай қап тігілсе, оныӊ көлемі 11 млн-ға дейін артады.

"Зауытқа негізінен үш мамандық бойынша, машинистер, операторлар мен тігіншілер қажет. Келген жұмысшыларды алдымен арнайы курстарда оқытып, ол кезеӊге 40 мыӊ теӊгеден стипендия береміз. Одан кейін жұмысқа қабылданып, жатақханамен қамтылады. Жалақылары 80-150 мыӊ теӊгеніӊ аралығында. Тамақтардыӊ бағасы 300 теӊгеден аспайды. Қазіргі таӊда зауыттыӊ жанынан тұрғын үй кешені салынуда. Ол жерге 300-дей жұмысшы қоныстанатын болады. Сондықтан біз жұмысшыларды отбасыларымен де келсе қабылдаймыз. Алдағы уақытта оларға қала аумағынан үй іргелік жер бөлу мәселесі де қаралып жатыр", - деді "Новопэк" ЖШС-ніӊ атқарушы директоры Айдар Жақыпов.

Төрткүндік сапары барысында зауыт басшылығы Түркістан қаласы мен Сайрам, Сарыағаш ауданыныӊ тұрғындарымен кездеседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны