13.02.2014, 19:09 2956

Ақмолалықтарға негізсіз баға көтерілу туралы меморгандарға хабар беруді ұсынды

Ақмола облыстық монополияға қарсы инспекция жетекшісі Е.Сүлейменовтың мәліметінше, кәсіпкерліктер тарапынан тауарлардың құны көтерілген жағдайда ҚР Заңына сай оларға айыппұл салынатын болады.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков журналистерге, азаматтық қоғам өкілдеріне тиісті шараларды қолдану үшін негізсіз баға көтерілу жағдайларын Монополияға қарсы инспекция мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарлауды ұсынды. Бұл туралы теңгенің валюталық курсын түзетуді түсіндіру бойынша билік өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Облыстық ішкі саясат басқармасына айтылғандай, брифингке қатысушылардың негізгі мәселесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан өңірде қабылданып шатқан тұрақтандыру шараларына тиесілі болды. Облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков өз сөзінде "облыс әкімдігінің назарына бірінші кезекте 33 әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері құнының өзгермеуі алынатынын" айтты.

Сонымен қатар, өңір басшысының орынбасары қатысушыларға тауар өндірушілермен, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімі бағасын өсірмеу мен тауар өндірушілермен біріккен заңды механизмнің жедел мониторингі жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлады.

Ұлттық банктің Ақмола өңірлік бөлімшесі директорының төрағасы Ғ.Шегеновтың айтуынша, қазірде доллардың теңгеге шаққандағы курсы айырбастау пункттерінде 185 (+\- 2 теңге) құрайды.

Ақмола облыстық монополияға қарсы инспекция жетекшісі Е.Сүлейменовтың мәліметінше, кәсіпкерліктер тарапынан тауарлардың құны көтерілген жағдайда ҚР Заңына сай оларға айыппұл салынатын болады.

Сонымен қатар, бірінші маусымда коммуналдық қызметтер құнының өсімі болмайды, қоғамдық көліктердегі жолақы құны, өңірде өндірілетін тауар құны бұрынғы бағамен тұра беретін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны