01.03.2011, 15:00 4611

Ақпан айында азық-түлік бағасы 13 пайызға өскен

Ақпан айында азық-түлік бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақпан айында азық-түлік бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы ақпанда 2010 жылдың тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 78,7, жемістер мен көкөністерге - 28,7, май және тоң майға - 22,2, қантқа - 15,9, кофе, шай және какаоға - 11,1, кондитерлік өнімдерге - 8,9, ұнға және сүт өнімдеріне - 8,8, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,6, жұмыртқаға - 5,1, алкогольді ішімдіктерге - 4,5, макарон өнімдеріне - 3,3, нанға 2,6 пайызға өсті.

Аталған кезеңде ет (ет өнімдерін қоса) бағасының өсімі 15,2 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 15, шұжық өнімдеріне - 10,6, құс етіне - 10,4, жылқы етіне - 8,7, шошқа етіне 7,5 пайызға жоғарылады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны