Система Orphus

Ақпан айындағы жанармай бағасы белгіленді

26.01.2012, 16:17 1581

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақпан айындағы жанармай бағасы белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Мұнай және газ министрлігінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармайға бағаны қалыптастыру бойынша кезекті кеңес өтті.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жиында қабылданған шешімге сәйкес, биылғы ақпан айына еліміз аумағында жанар-жағармайдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленді.

Атап айтқанда, Аи-92 мен Аи-93 бензині литріне - 106 теңге, Аи-80 литріне - 86 теңге, сондай-ақ дизельдік отын - 90 теңге деңгейінде қалыптаспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны