06.03.2012, 14:47 3554

Ақпандағы жылдық инфляция 1999 жылдың мамырынан бергі ең төменгі деңгейде болды

"2011 жылдың 1 наурызынан 2012 жылдың 1 наурызына дейін инфляция 4,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл жылдық инфляцияның 1999 жылғы мамырдан бастап ең төменгі деңгейі. Тренд - өте жағымды", - деді Григорий Марченко.

Алматы. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Ақпандағы жылдық инфляция 1999 жылдың мамырынан бергі ең төменгі деңгейде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл турады ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылдың 1 наурызынан 2012 жылдың 1 наурызына дейін инфляция 4,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл жылдық инфляцияның 1999 жылғы мамырдан бастап ең төменгі деңгейі. Тренд - өте жағымды", - деді Григорий Марченко.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы бұл тренд жалғасуы мүмкін. Соның нәтижесінде жылдық инфляция 5,5-6 пайыз аралығында болады деп болжануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны