15.09.2006, 18:05 2934

Ақпараттық технологиялар паркінің екінші және үшінші кезегін салуға 4 млрд. доллар шамасында қаржы қажет - Келімбетов

АЛМАТЫ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы іргесіндегі Алатау кентінде "Ақпараттық технологиялар паркі" арнаулы экономикалық аймағының екінші және үшінші кезегін салуға 4 млрд. доллар көлемінде қаржы қажет. Бұл туралы бүгін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің бағалауымызша, екінші және үшінші кезегіне 3-4 млрд. доллар қажет. Бюджеттен тек коммуналдық инфрақұрылым, желілер мен жолдар қаржыландырылса, қалғаны - жеке меншік сектор мен мемлекеттің әріптестігі принципіне сәйкес бөлінеді. Біз бұл жерге басқа кәсіпорындардың тапсырысымен бизнес-орталықтар мен өндірістік орын-жайлар салатын компанияларлы шарқырмақшымыз",- деді ол.

Ақпараттық технологиялар паркінің келесі кезеңдерін салуға көптеген елдер қызығушылық білдіруде. Мәселен, Қ.Келімбетовтың айтуынша, Израиль мен Қытай "миллиардтаған долларлар бөлуге әзірлік танытып отыр". Бірінші кезеңі 2007-жылдың аяғына дейін, екінші кезеңі 2008-жылдың аяғына дейін, үшінші кезеңі - 2009-2010- жылдарда жүзеге асырылады, деді Қ.Келімбетов.

"Қазір арнаулы экономикалық аймаққа бөлінген 343 гектар жердің 14 гектарына ғана құрылыстар салынған. Екінші кезеңінде 30 гектар жер, үшіншісінде - қалған аумақ игеріледі. Ақпараттық технологиялар паркінің екінші кезеңін салуға бюджеттен 50 млн. доллар жұмсау жоспарланған",- деді "Қазынаның" басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен парктің ашылуы болды. Қ.Келімбетовтың айтуынша, жобаның бастапқы кезеңін жүзеге асыруға республика қаражатынан 25 млн. долар жұмсалды. "Тек бірінші кезеңінде ғана осы жерде орын тепкен кәсіпорындардың өнімі биыл 30 млн. долларды құрады. Яғни, жоба еліміз үшін өзін-өзі ақтады деуге болады",- деді қор төрағасы. Оның айтуынша, Ақпараттық технологиялар паркінің аясындағы алғашқы өндірістер санатында сингапурлық компаниялар сұйықкриталды мониторлар мен теледидарлар өндірісін жолға қояды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны