21.07.2014, 20:35 3409

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға салынған инвестиция 2014 жылдың 5 айында 26,9 млрд теңге болды

2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға салынған инвестиция көлемі 26,9 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды "Қазақстанның даму банкі" АҚ.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға салынған инвестиция көлемі 26,9 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды "Қазақстанның даму банкі" АҚ.

Ақпараттық-коммункиациялық технологияларға (АКТ) салынған инвестициялар 2 жылда 25 млрд теңгеге төмендеді, делінген "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-ның телекоммуникация саласына жасаған сараптамалық шолуында.

"Инвестициялар аздап қысқарды. Оның үстіне, кәсіпорындар мен экономиканың жалпы инновацияларды және технологияларды енгізу қабілеттілігінің төмен болуы, сонымен қатар, тартымды АКТ жобаларының жеткіліксіздігі, соның ішінде осы салада жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі сынды факторлар инвестициялардың артуын тежеп тұр", - дейді ҚДБ сарапшылары.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2011 жылы АКТ-ға 137 млрд теңге, 2012 жылы - 132,7 млрд теңге, 2013 жылы - 112,2 млрд теңге инвестиция салынған. Ал 2014 жылдың қаңтар-мамыр айларында 26,9 млрд теңгені құраған.

Мұнымен қоса, "АКТ дамыту қоры" жеке капиталының, сондай-ақ, халықаралық компаниялардың есебінен осы салаға 100 мыңнан - 3 млн долларға дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, АКТ саласын дамытуға коммерциялық банктер мен ҚДБ қаржылық қолдау көрсетуде. 2013 жылы екінші деңгейлі банктермен байланыс секторын несиелеу 2012 жылмен салыстырғанда 15,7% ұлғайды.

Өз кезегінде, Банк 3 ірі жобаны қаржыландырды: Астана-Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу, Шу-Қандыағаш, Астана-Павлодар-Семей-Ақтоғай, Көкшетау-Қостанай учаскелерінде магистральдық ТОБЖ салу, республикамыздың 8 өңірінде 5 мың абонентке арналған G-Net мәліметтер желісін құру.

Шолуға сәйкес, 2013 жылы телекоммуникация нарығындағы табыстың жиынтық көлемі 644 млрд теңгені құрады, оның басым бөлігін мобильдік байланыс құрайды - 42,44%. Одан кейін, Интернет арқылы байланыс қызметтері - 25,21%, жергілікті телефон байланысы - 7,85%, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері - 5,79%. Бұл ретте Қазақстандағы көлеңкелі технологиялар нарығының көлемі АТ-қызметтердің жалпы көлемінің 2% құрайды деуге болады.

Бүгін отандық АКТ нарығында 11 оператор қалааралық және/немесе халықаралық байланыс қызметтерін, 4 оператор ұялы байланыс және 400 астам оператор жергілікті телефон байланысы мен Интернет желісіне кіру қызметтерін ұсынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны