23.02.2013, 13:11 3735

Ақсай қаласында қағаз қалдығын өңдеу цехы ашылды

Ақсай қаласында қағаз қалдығын (макулатура) өңдеу цехы іске қосылып, оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгінов қатысты.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Ақсай қаласында қағаз қалдығын өңдеу цехы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақсай қаласында қағаз қалдығын (макулатура) өңдеу цехы іске қосылып, оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгінов қатысты.

Құны 32 млн. теңге шағын зауытты ашуды "ECO LIFE BATYS" ЖШС қолға алған болатын. Кәсіпорын қайталама шикізаттан әжетхана қағазын, кейін картон қораптарын шығаратын болады. Оның атқарушы директоры Идриз Шенолдың айтуынша, шикізат негізінен "ҚПО б.в." компаниясынан түспек. Болашақта макулатураны тұрғындардан да қабылдау көзделуде. Өндіріс орнында қазіргі кезде бірнеше адам еңбек етеді, алдағы уақытта олардың қатары көбейе түспек. Өнім бағасы Қазақстанның өзге өңірлері мен Ресейден әкелінетін тауарлардан анағұрлым арзан болмақ. Цех тәулігіне 500 кг өнім шығарады.

Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны