23.08.2012, 15:48 3116

АҚШ "ҚазТрансГаз" АҚ кен орындарын өңдеуге техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға грант бөледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобын инновациялық дамыту шеңберінде АҚШ-тың Сауда және дамыту жөніндегі агенттігімен бірлесіп, Амангелді тобының азот-гелий, азот-метан кен орындарын өңдеуге техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға грант беру туралы келісімге қол қойылды.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - АҚШ "ҚазТрансГаз" АҚ кен орындарын өңдеуге техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға грант бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобын инновациялық дамыту шеңберінде АҚШ-тың Сауда және дамыту жөніндегі агенттігімен бірлесіп, Амангелді тобының азот-гелий, азот-метан кен орындарын өңдеуге техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға грант беру туралы келісімге қол қойылды.

"Бүгін "ҚазТрансГаз" АҚ мен АҚШ-тың Сауда және дамыту жөніндегі агенттігі (USTDA) арасында Қазақстанда газды кешенді өндіру мен өңдеу жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді қаржыландыруға грант беру туралы келісімге қол қойылды" деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, грант Жамбыл облысы Амангелді тобының кен орнында гелийді, метан мен азотты барлау, бөлу, өндіру және өңдеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық жобаның экономикалық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін "ҚазТрансГаз" АҚ-ның анықтауына мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік ауқымда гелий алу - Қазақстан үшін жаңа инновациялық жоба. АҚШ гелий өндіру және тұтыну бойынша әлемде көшбасшы болып табылады. Гелий ғарыш саласында, электроникада және басқа да көптеген салаларда қолданылады. ТЭН өнеркәсіптік ауқымда гелий алу үшін америкалық алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға қаншалықты болатынын, әлемдік нарықтарға жеткізудің оңтайлы логистикасын көрсетеді.

Зерттеу нәтижесі Амангелді тобының кен орындарында бар газдарды бөлу жөніндегі жобаның орындылығын, сондай-ақ азотты тыңайтқыштарды алудың әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін көрсетті.

Келісімге "ҚазТрансГаз" АҚ-дан Бас директордың ресурстық база жөніндегі орынбасары Анатолы Тегісбаев, АҚШ-тың Сауда және дамыту жөніндегі агенттігінен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісінің орынбасары Элизабет Миллард қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны