22.04.2010, 10:57 1757

АҚШ жүз долларлық қағаз ақшаның жаңа дизайнын таныстырды

АҚШ жүз долларлық қағаз ақшаның жаңа дизайнын таныстырды

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ басшылығы сәрсенбі күні Бенджамин Франклиннің бейнесі басылған жүз долларлық қағаз ақшаның жаңа дизайнын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес, АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі, Қаржы министрлігі мен елдің Құпия қызметі таратқан бірлескен баспасөз баянында айтылғандай, жаңа ақша айналымға 2011 жылдың 10 ақпанында шығарылады.

"Идетте қағаз ақшалар әрбір 7 жыл сайын алмастырылып отырады, бірақ осы жолғысына 14 жыл болды. Жаңартудың басты мақсаты - жалған ақша жасаушылардың өмірін қиындату", - деп хабарлайды Вести.Ru.

"Жаңа үлгідегі банкнотта тағы да Бенджамин Франклиннің суреті болады, бірақ бұл жолы оның айрымашылығы бар. Айталық, жаңа қағаз ақшада 3D-эффектісі бар көк түсті қорғаныс таспасы болмақ, ондағы нысандар әрбір бұрышынан қарағанда жан-жаққа қарай қозғалады. Сондай-ақ, тағы бір жаңалық - қоңыр түсті сия сауытындағы қоңырау бейнесі, бұл қоңырау (Liberty Bell) белгілі бір бұрыш сала қараған кезде жоғалып кетеді", - деп хабарлайды РБК.

"АҚШ валютасының әрбір дизайн өзгерісі кезіндегідей, бұл купюра да өзіне ақшаны қолдан жасаудан қорғауға барынша мүмкіндік беретін барлық озық технологияларды толық қамтыған", - деді АҚШ қаржы министрі Тимоти Гейтнер.

РБК ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні дүниежүзінде ескі үлгідегі 100 долларлық ақшаның 6,5 млрд данасы шығарылған. Жаңа дизайн үлгісіндегі қағаз ақшалар бұрынғыдай ескі үлгімен бірге айналымда жүре береді, ескі үлгідегі ақша иелері төлем жасауда қандайбір кедергіге тап болмайды, дейді АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке. Ол технологиялар дами түскен сайын және олардың қолжетімділігі арта түскен сайын, АҚШ валютасының елден тысқары жерлердегі айналымы өсе түскен сайын әлемде АҚШ-тың қағаз ақшаларын қолдан жасаумен күресу жылдан жылға қиынға соғып отырғанын айтып шағымданды. Мәселен, АҚШ аумағынан тысқары жерлерде барлық 100 долларлық ақшаның үштен екі бөлігі айналуда.

100 долларлық ақша әлемдегі ең көп таралған әрі тұрмыстық айналымдағы ең ірі АҚШ валютасының купюрасы болып табылады. 5,10, 20 және 50 долларлық купюра секілді оның дизайны да әредік ауысып отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны