Система Orphus

Ақшалай қаражатты жария етудің заң жобасы банк жүйесін ұзақмерзімді қорландыруды арттырады - Ұлттық банк

13.05.2014, 21:00 349

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов "ақшалай қаражатты заңдастыру заң жобасы банк жүйесін ұзақмерзімді қорландыруды арттырады", деп атап өтті.

"Елбасының ақшалай қаражатты заңдастыруды жариялауы аясында кәсіпкерлермен кездесуде Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп лайықты заңжобасын жасақтады. Бұл заңның басты артықшылығы азаматтың екінші деңгейдегі банктердегі есепшотына өз қаржысын салу арқылы заңдастыру құқығы болып табылады", - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, осындай шарттардың бірі азаматтар аталмыш қаржыларын орташа мерзімде - 5 жыл бойын банктегі депозитінде сақтауы тиіс. Яғни осы депозитті банкте ұстау арқылы банк жүйесін ұзақмерзімді қорландыруды арттырады.

"Тағы бір мүмкіндік қаржыны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы депозиттерде сақтау. Біз жақында ғана барлық жеке меншік зейнетақы қорындағы активтер мен уәкілеттілікті БҰЗҚ тапсырдық. Активтердің жалпы құны 3,9 трлн. теңгені құрады", - деп ол толықтырды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны