03.01.2013, 14:43 3304

АҚШ-та қайта қаржылық дағдарыс басталуы мүмкін

Алайда өкілдер палатасында көпшілікті құрайтын республикалықтар құжатты қайта өңдеу үшін оны сенатқа қайтаруға ниетті. Республикалықтар заңға мемлекеттік шығындарды тағы да 330 миллиард долларға азайтуды қарастырған түзетулер енгізуді көздеп отыр. Бұл жоба бүгін талқыланбақ.

Астана. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ-та қайта қаржылық дағдарыс басталуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, сенат қолдаған құжат өкілдер палатасының қарауына тапсырылды.

Алайда өкілдер палатасында көпшілікті құрайтын республикалықтар құжатты қайта өңдеу үшін оны сенатқа қайтаруға ниетті. Республикалықтар заңға мемлекеттік шығындарды тағы да 330 миллиард долларға азайтуды қарастырған түзетулер енгізуді көздеп отыр. Бұл жоба бүгін талқыланбақ.

Конгресстің қазіргі құрамының жұмыс мерзімі бейсенбі күні аяқталады. Осыдан кейін қараша айында сайланған Конгресстің жаңа құрамы қызметіне кіріспек. Егер өкілдер палатасы заң жобасын қабылдамаса, Конгресстың жаңа құрамына бәрін қайта бастау қажет болады. Еске салып кетсек, АҚШ "қаржылық ор" дп аталып кеткен дағдарысқа ұшыраса, 2013 жылы ел бюджеті 500 миллиард долларға қысқарады. Ал бұл елдің экономикасына кері әсерін тигізіп, жаңа рецессияға әкелуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны