30.04.2014, 22:10 10820

Ақтау порты арқылы Иран бағытына металл мен астық экспорты бір жылда 20%-ға артты

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақтау портының Каспий жүк айналымындағы үлесі 30% құрайды. Жоспар бойынша, теңіз портының өткізу мүмкіндігін арттыру нәтижесінде жүк айналымы көлемін жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Бұл жоба 2015 жылы аяқталады.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың бірінші маусымы бойынша Иранға металл мен астық экспорты 272 мың және 221 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғана 20%-ға артық.

Есептік кезең бойынша жалпы Ақтау порты арқылы тасымал көлемі 2,8 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 3 құрлық терминалын салу үшін шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

Көлік және коммуникация министрлігі сингапурлық IPD компаниясымен бірлесіп өзара түсіністік меморандумын құрып, меншік келісіміне қол қойды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақтау портының Каспий жүк айналымындағы үлесі 30% құрайды. Жоспар бойынша, теңіз портының өткізу мүмкіндігін арттыру нәтижесінде жүк айналымы көлемін жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Бұл жоба 2015 жылы аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны