14.09.2016, 10:26 2092

Ақтау порты Иранға жүк жөнелтуде рекордтық көрсеткішке жетті - ҚТЖ

Иран Ислам республикасына 159 мыӊ тонна металл өнімдері жіберілді. Бұрын орташа айлық көрсеткіш 100 мыӊ тоннаны құрайтын, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тамызда Ақтау портынан соӊғы бірнеше жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 50 % артық жүк жөнелтілді.Оныӊ ішінде Иран Ислам республикасына 159 мыӊ тонна металл өнімдері жіберілді. Бұрын орташа айлық көрсеткіш 100 мыӊ тоннаны құрайтын, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

2016 жылғы тамыз айында тәулігіне 6700 тонна жүк жіберілсе, бұрын 4000 тоннадан аспайтын. Мұндай көрсеткіш соӊғы төрт жылда болмаған. Мұндай жетістікке көлікпен тасымалдау үдерісіне қатысатын компаниялар кооперациясыныӊ порттағы кәсіпорындармен ынтымақтастығы нәтижесінде болып отыр.

Қазіргі таӊда Ақтау портында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оныӊ ішінде өз қызметінде барынша жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге кірісуде. Өндіріске енгізілген жаӊаша өзгерістер порттыӊ құрылымына да қатысты. Онда порттыӊ дәстүрлі қызметіндегі Ережелер мен тәртіптері түзілімдемесі, порт аумағында көлік қозғалысыныӊ тәртібі, техника қауіпсіздігі мен еӊбекті қорғау талаптары қатаӊдатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны