19.04.2012, 15:27 3630

Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталды

"Желдер ықпалынан порттың акваториясын қорғайтын "толқын тосқы" гидротехникалық құрылысы іске тапсырылды", делінген таратылған хабарламада.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталды.

"Желдер ықпалынан порттың акваториясын қорғайтын "толқын тосқы" гидротехникалық құрылысы іске тапсырылды", делінген таратылған хабарламада.

"Ұзындығы 500 метрден астам "толқын тосқы" гидротехникалық құрылысы Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту Жобасының (Жоба) екінші кезеңі шеңберінде салынды. Жалпы сомасы 41,7 млрд. тенге құрайтын инвестициялық Жоба "Қазақстанның даму Банкі" АҚ (ҚДБ немесе Банк) көмегімен іске асырылуда. Банк 2009-2011 жылдары Жобаның алғашқы екі кезеңінің шеңберіндегі "мол" және "толқын тосқы" қорғаныш гидротехникалық құрылыстарды пайдалануға енгізу жұмыстарын қаржыландырды.

Бүгінгі таңда ҚДБ Жобаның үшінші кезеніңде қаржыладыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл кезеңде теңіз түбін тереңдету жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, төртінші ақырғы Жобаның сатысында порттың қосымша инфрақұрылымы мен үш құрғақ жүк айлақты кешендері салынады.

Жобаны толық іске асырғаннан кейін Қазақстанның жалғыз "теңіз қақпаларының" өткізу мүмкіндігі екі есе өседі. Порт жыл сайын 3 млн. тоннадан астам құрғақ жүкті қабылдай алады. Қосымша күштерді іске қосқаннан кейін Ақтау портында 364 жаңа жұмыс орны ашылады. Нысанды салу барысында 650 құрылысшы тартылуда", деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны